ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЛАРЫ БАҚ АРҚЫЛЫ ЕСЕП БЕРУГЕ МІНДЕТТЕЛЕДІ
Енді Қазақстандағы барлық қайырымдылық ұйымдары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа есеп беруге міндеттеледі. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қайырымдылық саласындағы заңнамаға өзгерістер әзірленіп жатыр. Жаңа түзетулер екі негізгі бағытты қамтиды:
🔹 Қайырымдылыққа ынталандыру – азаматтардың қайырымдылық көмек көрсетуін қолдау және арттыру;
🔹 Ашықтық пен есептілік – барлық қайырымдылық қорлары өз қызметі туралы есептерін БАҚ-та жариялап отыруға міндетті болады.
Бұл бастама азаматтардың сенімін арттыру және қайырымдылық саласындағы қаржының ашық әрі әділ жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.


