Қажымұқан Мұратхан Тәнекеев
Әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты: 1. Алып Қажымұқан палуан өмірімен таныстыру, түсініп оқып, жүйелеп айтуға үйрету.
2. Есте сақтау, мәдениетті жүйелі сөйлей білу, өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.
3. Спорт түрлерімен шұғылданатын, шыныққан азамат тәрбиелеу
Сабақтың түрі: топтық жұмыс.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, әңгімелеу.
Көрнекілігі: автордың портреті, сызбалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық
Музыкамен қимыл қозғалыстар жасау.
Топқа бөлу: Батырлардың атымен.
1 - топ: Әлия
2 - топ: Мәншүк
3 - топ: Бауыржан
4 - топ: Нұркен
Үй тапсырмасын сұрау:
Микрофон әдісі арқылы:
- Әңгімені кім айтып отыр?
- Комбаттың келген жауынгерлерге неге көңілі толмады?
- Мойсеевтің райынан қайтуына не себеп болды?
- Әлияны ол қайда жұмсады?
- Ол барды ма?
- Неге бармады?
Үй тапсырмасын пысықтау:
Ассоциация құру:
Әлия Молдағұлова кім?
↓
Батыр
Мерген
қайсар
ана
Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. М. Тәнекеев. Қажымұқан
2. Видеоролик
Қажымұқан туралы 2 класта қандай тақырып өттік? («Алып бала» авторы Қалмақан Әбдіқадыров) Ол қандай ерлік көрсетті?
Жаңа сабақ:
А) автор туралы мәлімет.
Б) мәтінмен жұмыс
а) тізбектеп оқыту
ә) сөздікпен жұмыс
б) топтық жұмыс
1 - топ: Мәтінде Қажымұқан қалай сипатталады?
2 - топ: Нұрлы мен Қажымұқанды салыстырып Т - кестесін құр.
3 - топ: Мәтіннің әр бөлігіне ат қой.
4 - топ: Сурет бойынша жұмыс. Оқулықтың 109 бетіндегі суреті бойынша әңгіме құрап айт.
Әр топ басбармақ әдісі арқылы бағалайды.
Б) Жеке оқушымен жұмыс:
Қабілетті оқушыға тапсырма:
- Қажымұқан туралы деректеме.
Қажымұқан
↓
1871ж дүниеге келді
балуан
18 медаль иегері
1948ж қайтыс болды
Үлгерімі төмен оқушыға тапсырма:
Мәтіннен балуандардың күресі туралы жазылған жерін тауып оқы.
Сабақты бекіту
Синквейн әдісі «5 - жолды өлең құру»арқылы:
1. Қажымұқан. (зат есім)
2. Мықты, батыл (сын есім)
3. Шықты, күресті, жеңді. (етістік)
4. Мұқан туған еліне оралды. (төрт сөзден құралатын сөйлем)
5. Балуан. (мағыналы сөз)
Үйге тапсырма беру кезеңі:
Түсініп оқу, мазмұнын айту.
Бағалау. Оқушының белсенділігіне, жауап бергеніне қарай бағалау
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
Аягөз аудандық білім бөлімінің
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Рахметтоллаева Шырын Оралғазыевна
Қажымұқан Мұратхан Тәнекеев
Қажымұқан Мұратхан Тәнекеев
2024 ж. 5 наурыз675 қаралым

#балуан#бастауыш сынып#қажымұқан палуан#спорт түрлері
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

