Cабақтың тақырыбы: «Қамар сұлу» романы
Сабақтың мақсаты: романның мазмұнын меңгерту.
Міндеттері: 1) романдағы негізгі әлеуметтік ой түйіндерін ашу; 2) оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету; 3) тақырыптас шығармаларды салыстыра оқуды дамыту, өздерінше ой түюге дағдыландыру.
Түрі: дамыта оқыту.
Типі: жаңа ұғымды меңгерту.
Әдісі: түсініктемелі, баяндау.
Көрнекілігі: Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылық жинағы.

Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Актуалдау: - Біз, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың поэзиялық шығармаларымен таныстық. Прозалық шығармасы да бар: (Қамар сұлу» романы.
IV. Жаңа сабақ. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы.
Кіріспе ----- Қамар мен Ахмет бейнесі
Оқиғаның басталуы ---- Ахметтің Қамарға ғашық болуы. Қамарды Жорға Нұрымға атастыру
Оқиғаның байланысуы ---- Олардың қарсылығы, Қалтан қажы мен
Оспан бидің әрекеттері
Шиеленісуі ---- Қамардың бай туысқандарының ырқымен Нұрымға ұзатылуы
Шарықтау шегі ----- Сырқатқа шалдыққан Қамарға надан молданың ем - дом қолдануы
Шешімі ------- Ахметтің кегі, жастардың ажалы

V. Дамыту. а) Қамар, Ахмет, Нұрым бейнелерін талдау (портрет, мінездеме беру, тақырыптас шығарма кейіпкерлерімен салыстыру)
І қатар: Қамар бейнесі (Мамыр)
ІІ қатар: Ахмет бейнесі (Қалқаман)
ІІІ қатар: Нұрым бейнесі (Жиенқұл).
ә) Омарды қандай әке деуге болады?
Омар
Мейрімді, аздап оқыған,
момын. Заман әділетсіздігінен аса алмайды
Қарабай
Мейрімсіз, малқұмар қанағатсыз, зұлым, арсыз, сараң

Қамар сұлу романы. жүктеу