Ежелгі Қазақстан тарихы 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: §19. Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Сабақтың мақсаты:
Егін шаруашылығы жақсы дамыған қаңлылардың металл өндірісі, сауда қатынастары, мәдениеті мен діни нанымдары туралы баяндай отырып, отан сүйгіш, мәдениетті азамат тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау. Картамен жұмыс жүргізу, топ болып жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ;
Сабақтың әдісі:
1) сұрақ - жауап;
2) баяндау;
3) әңгімелесу;
4) ізденіс;
5) интерактивті
Құрал – жабдықтар: оқулық, слайд, карта, үлестірме қағаз.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу;
2) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3) Ынта - зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?
2. Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи - климаттық жағдайын сипаттап айт.
3. Көк - мардан қаласы ғалымдарға қандай мәлімет береді?
4. Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы әңгімеле.
III. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Егіншілік
2. Мал шаруашылығы мен кәсіпшілігі
3. Металл өндірісі
4. Сауда қатынастары
5. Мәдениеті мен діни нанымдары
Қазақстанның оң түстігіндегі егіншілікке қолайлы жерлерде ертедегі тұрғындар отырықшы тіршілік еткен. Табиғат жағдайының Қолайлығына байланысты мұнан екі мың жыл бұрын қаңлыларда егін, мал, қолөнер, аңшылық, сауда - саттық сияқты кәсіптер жақсы дамыды.
Қаңлылардың маңызды шаруашылығының бірі мал өсіру болған. Қаңлылар қаз, үйрек, бірқазан сияқты құстарды аулаумен шұғылданған. Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өндеу кәсібі жақсы дамыған.
Металл өндірісінің орталығы Шаш Илақ аймағындағы қалалар мен қоныстар болды. Осы аймақтағы тауларда сол ерте заманда - ақ алтын, күміс, темір, басқа да металл өндіру және өндеу кәсібі дамыды.
Қаңлы жерінің аумағы арқылы Ұлы Жібек жолы өтті. Қаңлылар Сауда жасасқан елдер: Қара теңіз жағалауымен, Сириямен, Үндістанмен, Балттық боймен, Египетпен, Қытаймен, Иранмен
Қаңлылар Ұлы Жібек жолының аса маңызды орталық бөлігінде қоныстанды. Олар Кавказ бен Қара теңізге қарай кететін бағытын бақылап отырды.
Қаңлылар арасында ән - күй, музыка, би өнері жақсы дамыды. Қос ішекті және бес ішекті музыкалық аспаптары мен сыбызғы - сырнайлары болған.
Сабақты бекіту:
1. Қаңлылардың егін шаруашылығы қалай дамыған?
2. Қаңлылардың мал шаруашылығының өзіндік ерекшеліктері қандай?
3. Қаңл. мал шару. егіншіліктен басқа тағы қандай кәсіпен айналысқан?
4. Қаңл. шет елдермен сауда байланысы болғанын дәлелдейтін нәрс - і ата.
5. Қаңлыларда мәдениеттің қандай түрлері жақсы дамыған?
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 19. «Биші бикеш» қосымша материал.
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Ежелгі Қазақстан тарихы 6 - сынып
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз636 қаралым
#қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы#ашық сабақ қазақстан тарихы 6 сынып
Ұсынылады
XVII ғасырда қазақ хандары мен батырларын қарумен кім қамтамасыз етті
Тарихшы Леонид Бобров XVII-XVIII ғасырларда қазақ элитасын Бұхара, Қоқан және Хиуа шеберлері қарумен қамтамасыз еткенін айтты. Толығырақ материалда.
Алаш Ордабай·4 сағ бұрын
Қазақтардың ата-бабалары Әмір Темір әскерінен табылды
Тарихшы Леонид Бобров Әмір Темір әскерінде қазақтардың, өзбектердің және тәжіктердің ата-бабалары қызмет еткенін айтты. Толығырақ материалда.
Алаш Ордабай·2026 ж. 7 тамыз
Атом бомбасы: АҚШ-тың әлемді өзгерткен өнертабысының зардабы
АҚШ-тың 1945 жылы Хиросима мен Нагасакиге тастаған атом бомбаларының зардабы, куәгерлердің еске алуы және ядролық қарудың қазіргі қауіптері туралы.
Мұқаш Жадайхан·2026 ж. 6 тамыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

