Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қара қарақат

Қара қарақат (смородина черная, Ribes nigrum L.) — биіктігі 125 сантиметрге жететін, бұталы өсімдік. Жапырақтары 3-5 салалы, кезектесіп орналасқан, сағақтары ұзын, төменгі жақтарында бездері бар. Осыған байланысты өсімдіктен сүйкімді иіс шығып тұрады. Гүлдері ашық қызыл түсті, 4-5-тен жиналып масаққа ұқсап шоғырланып, төмен қарап салбырап тұрады. Гүл жапырақшалары да, гұл тостағаншасының қалақшалары да бес-бестен. Ұрығы — көп тұқымды, түсі қара, иісі аңқыған етті жеміс. Мамыр айында гүлдейді. Жемісі шілде айында піседі. Жабайы қарақат өзен жағаларында, батпақты жерлерде, бұталардың арасында, ылғалды ормандарда өседі. Мәдени өсімдік ретінде де көп жерлерде қолдан егіледі.

Дәрі жасау үшін өсімдіктің жемістері мен жапырақтарын пайдаланады. Құрамында С витамині, қант, фосфор қышқылы, илік заттар, Р витамині, каротин, эфир майлары, калий, фосфор тұздары, темір бар.

Қара қарақаттың жемістері халық медицинасында тер шығаратын, несеп айдайтың, іштің өтуін тыятын, қабынуға қарсы әсер ететін әр түрлі витаминді дәрі ретінде қолданылады. Жапырақтарымен ревматизмді, подаграны, лимфа бездерінің туберкулезін емдейлі.

Жапырақтарын, жемісін және бүршіктерін бүйрекке тас байланғанда, сондай-ақ қуық ауруларын емдеуге пайдаланады. Оны балалардың мысқал ауруына (золотуха) қарсы да қолдануға болады.

Бұл өсімдіктен жасалған сироппен көкжөтелді, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуын емдейді. Өсімдік жемістерінен алынған сөлді асқазан қышқылы кемігенде және жара шыққанда ішуге болады.

Қолдану тәсілі

Өсімдік жемістерін қайнап тұрған бір стакан суға бір жарым ас қасықтан келетіндей етіп салып тұндырады да, жарты стаканнан күніне 3 рет ішеді. Жапырақтарының 20 грамын (1 ас қасығын) қайнап тұрған 1 стакан суға 20 минут тұндырып, 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама