Қара сөздер. Абайдың жиырма төртінші қара сөзі
ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ СӨЗ
Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас - аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр. Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Әй, не болсын!.. Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін - бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?
Абайдың басқа да қара сөздері
Қара сөздер. Абайдың жиырма төртінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың жиырма төртінші қара сөзі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз618 қаралым
#Абайдың қара сөздері#Абай Құнанбаев қара сөздері#қара сөздер#абай құнанбайұлының қара сөздері#абайдың жиырма төртінші қара сөзі
Ұсынылады
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз

Шалқан ертегісі
<!--/sizestart-->Шалқан ертегісі<!--sizeend-->
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz