Абайдың он алтыншы қара сөзі
ОН АЛТЫНШЫ СӨЗ
Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде «тапқаным осы, біттім деп, алсаң — ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демесе болады дағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?
Абайдың басқа да қара сөздері
Қара сөздер. Абайдың он алтыншы қара сөзі
Абайдың он алтыншы қара сөзі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз542 қаралым
#Абайдың қара сөздері#Абай Құнанбаев қара сөздері#абай құнанбайұлының қара сөздері#абайдың он алтыншы қара сөзі#құдайға құлшылық
Ұсынылады
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Шалқан ертегісі
<!--/sizestart-->Шалқан ертегісі<!--sizeend-->
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

