Қара сөздер. Абайдың отыз бірінші қара сөзі
ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы - күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Абайдың басқа да қара сөздері
Қара сөздер. Абайдың отыз бірінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың отыз бірінші қара сөзі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз565 қаралым
#Абайдың қара сөздері#Абай Құнанбаев қара сөздері#қара сөздер#абайдың отыз бірінші қара сөзі#абай құнанбайұлының қара сөздері
Ұсынылады
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз

Шалқан ертегісі
<!--/sizestart-->Шалқан ертегісі<!--sizeend-->
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz