Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бердешева Жадыра
Сабақтың тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Сабақтың мақсаты;
Білімділік: Оқушыларға ертегі жайлы толық мағлұмат беру, ертегі түрлеріне тоқталу. ”Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”ертегісінің негізгі идеясын ашу;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту;
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, бауырмалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Таратпамен жұмыс, өздік жұмыс, шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, сурет, ән, еңбек.
Сабақтың көрнекілігі: Таратпа материалдар, ТСО, сызба кестелер, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасына шолу. Құмырсқаның қанағаты. (Ел аузынан).
Сыныпты үш топқа бөлу.
1-топ-сахналап көрсету.
2-топ-«еңбекқор құмырсқа», «қораптағы құмырсқа»- мағынасын ашу.
3-топ-сұрақ жауап(таратпа материалдармен жұмыс):
- Оқымысты құмырсқаны неге, қалай сынады?
Құмырсқаның ақылы , қайраты, қанағаты барын қайдан білдің?
Құмырсқаның қасында дән жатқанда ашығу себебі не деп ойлайсың?
- Балалар, құмырсқаға байланысты қандай мысалдар оқыдық?
- Крылов; Құмырсқа мен Шегіртке.
3. Үй тапсырмасын бекіту.
...ақылды
Құмырсқа...қажырлы
...еңбекқор
...ынтымақшыл
Құмырсқа –бунақденелілерге жататын жәндік.
Пайдасы; дәрілік қасиеті, тазалықшы.
Халық болжамы;құмырсқаның илеуіне қарап, бағыт-бағдарды айыру, ауа-райын болжау.
4. Жаңа сабақ.
- Ал балалар, сонымен құмырсқа қандай класқа жатады?(Бунақденелер) - Өздерің дүниетану сабағынан тағы қандай кластарды атар едіңдер? Сүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар, құстар класы.
- Ал қандай құстарды білесіңдер?
(Қаршыға, қарға, бүркіт, қарлығаш. )
- Қарлығаштың басқа құстардан айырмашылығы қандай?
- Адамның досы, қайырымды, оның аты қарлығаш деп аталады.
Сергіту сәті:
Қарлығашқа ұқсайық,
Қанат жайып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық
Ұшып алып қонайық.
- Ендеше , бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:Қарлығаштың құйрығы неге айыр? ертегісі.
Ертегілердің қандай түрі бар еді?
- Қиял-ғажайып ертегілер;
- Шыншыл ертегілер;
- Жан-жануарлар ертегісі.
5. Мағынаны тану.
Интерактивті тақтадан Қарлығаштың құйрығы неге айыр? ертегісін көрсетемін.
Алған әсерлерін, түсінгендерін айтқызу. –Осы ертегіден алған әсерлерің қандай?
6. Оқулықпен жұмыс. Мұғалімнің оқуы. Іштей оқуы. Тізбектей оқуы. Мәтіннен Айдаһар, Масаның зұлымдығын тауып оқу.
7. Дәптермен жұмыс.
Сөздікпен жұмыс
Дерт – ауру, сырқат.
Не қилы – әр түрлі.
Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру.
Кейіпкерлердің суретін салу.
8. Сұрақ –жауап:
- Айдаһар қанды неге іше алмады?
- Қарлығаштың құйрығы неге айыр болды?
- Адам қарлығашты неге жақсы көреді?
9. Ой қорыту
Қарлығаш әулие әңгімесіндегі Төле бидің шешендік, тапқырлық ойы мен сабақты қорыту.
Міне балалар Төле бидің бір ауыз сөзі мың ауыз сөзге татитын, шын әулие деп атаған. Қарлығашты да әулиеге теңеген.
10. Бағалау.
11. Үйге тапсырма.
1. Мақал-мәтел жазып келу.
2. Тақпақ жазып келу.
3. Жұмбақ құрастыру.
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 4 наурыз586 қаралым
#ертегі#бастауыш сынып#қарлығаштың құйрығы неге айыр
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

