Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Қармен тәжірибе жасау
Мақсаты:
1. Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту
2. Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету. Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.
3. Табиғат сырларын танып - білуге баулу
Қолданылатын көрнекі құралдар: пластмассадан жасалған қалақтар, қар салуға арналған ыдыстар, ойыншықтар, аққала, үнтаспа.
Билингвальды компонент: аққала - снеговик, қар - снег, ақ - белый.
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Қане, орнымыздан тұрып апайлармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбер
Қайырлы күн! Ормандар мен далалар
Қайырлы күн! Достасқан бізбен балалар, Қайырлы күн! Бізге келген қонақтар! Қош келдіңіздер!
Балалар экранға назар аударайық
Али мен Айя ертегісінен үзінді
Балалар қар қандай болады?
І. Таңғажайып сәт:
- Балалар, бүгін бізге қонаққа Аққала келді. Аққаламен амандасайық. Бірақ Аққала көңілсіз. Не себепті көңілсіз екен? Аққала: Менің бүгін туған күнім. Мені ешкім құттықтамады және ешкім сыйлық бермеді.
- Аққаланы көңілдендіру үшін ойын ойнап, қардан гүл жасап берейік.
Ұйымдастырушылық ізденушілік 2. Білімді өзектендіру:
Тәрбиеші топқа қар салынған ыдысты алып кіреді.
- Балалар, қар өте суық, сондықтан біз қалақпен жұмыс жасаймыз.
- Қардың түсі қандай?
- Қар қай мезгілде жауады?
- Жазда қар жауа ма? Неліктен?
- Қар неге бөлмеде ериді? (Бөлме жылы). Тәрбиеші ыдыстардағы қарды пішіні әртүрлі ыдыстарға салады да, оларды балаларға таратып береді.
- Осы ыдыстардың көмегімен аққалаға арнап гүл жасайық.
3. Билингвальды компонент: аққала - снеговик, қар - снег, ақ - белый.
4. Балалардың сөздік жұмысы.
- Балалар, Аққалаға сендердің сыйлықтарың ұнап қалыпты. Ойын ойнап, бұл гүлдерді қалай жасағанымызды еске түсірейік.
5. Саусақты тренинг өткізу.
Кірістірсек екі қолды жұмысқа,
Аққаланы тұрғызады бір сәтте!
Дидактикалық ойын: «Қар жасау»
Қармен тәжірибе жасау. жүктеу
Қармен тәжірибе жасау
Білім беру саласы: Таным
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз672 қаралым
#жаратылыстану#қыс мезгілі#табиғат сырлары#қармен тәжірибе жасау
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

