Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы
Мектепалды даярлық тобы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қарттар аман болсын!
Мақсаты: Балаларға жалпы қарттар туралы түсінік беру. Түсіндіре отырып ой - өрістерін кеңейту.
Әдісі: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Қарттардың суреті
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың назарын сабаққа аудару жаңа сабақпен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім
- Балалар қарттар деп отырғанымыз үйіміздегі ата, әжелеріміз. Бәріміз ата - әжелерімізді жақсы көреміз бе?
- Ата, әжелерді сыйлау керек, көмектесу керек, жолда келе жатқанда жол беру керек.
- Енді балалар сендерге мен «Кішіпейілділік – кішілік белгісі » деген әңгіме оқып берейін.
Әңгіменің кейіпкерлері - әжей мен оның немересі және автобустағы бала әңгімеден біз автобустың іші лық толы адамдардың болғанын және бос орынның жоқтығын білдік.
Сол кезде бір баланың әжейге өз орнын ұсынғаны – сол баланың жақсы тәрбиесінің көрсеткіші болды. Кішіпейіл адам адамгершілігі мол мейірбан болады, кісіге қол ұшын беріп, жәрдемдесуге әзір тұрады. Кішіпейілділік көп қошемет тұтатын асыл қасиет болып табылады. Сол үшін халық : «Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік», - деп оның мәнін өте дұрыс айтып жеткізген.
- Балалар әңгімені түсіндік ғой. Сонда ата, әжелерге автобуста болсын көшеде болсын орын беріп, жол беріп жүру керек. Ата , әжелерді сыйлау керек. Енді атамызға, әжемізге арнап тақпақтарымызды айтып берейік.
1-тәрбиеленуші
Ата - үлкен, кәріміз,
Қуат берер дәріміз,
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
2- тәрбиеленуші
Қарттар жүрсін ортада,
Өткенді көрген шежіре,
Аман - сау жүрсін әрқашан,
Сыйлаған бақыт біздерге
3- тәрбиеленуші
Әжетайым , тірегім
Кеудемде соққан жүрегім.
Шаттансам шығып қияға,
Қиналсам сен де жүдедің.
4- тәрбиеленуші
Әжетайым , ардағым.
Борышты өтеу арманым.
Ұмытылмас мен үшін
Ұйқыдан талай қалғаның
Қарттар аман болсын!
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 4 наурыз659 қаралым
#ашық тәрбие сағаты#қарттар аман болсын
Ұсынылады
Мектептерде диктант пен бақылау жұмыстары қайта оралуы мүмкін бе?
Қазақстан мектептеріндегі білімді бағалау жүйесі өзгеруі ықтимал. Оқу-ағарту министрлігі БЖБ мен ТЖБ жүйесін талдап, дәстүрлі жазба жұмыстарын қайта енгізуді қарастырып жатыр.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 31 мамыр
Мектептегі "шоу-сабақтар" білім сапасын төмендетеді: Мұғалім министрге үндеу жолдады
Белсенді педагог Айман Сағидулла аттестациялаудың жаңа ережелеріне қатысты алаңдаушылығын білдіріп, "шоу-сабақтардың" оқушыларға кері әсер ететінін айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 18 сәуір
Мектепте жаңа үш пән енгізіледі: Білім министрінің шұғыл мәлімдемесі
Қазақстан мектептерінде оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосылып, білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 15 сәуір
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

