- 20 қыр. 2017 00:00
- 414
Қатерлі ісіктен сақтану
Түркиялық Эндер Сарач (Dr. Ender Saraç) атты дәрігердің «Салауатты өмір сүр» атты конференциядағы баяндамасынан үзінді:
Артық салмақ, семіздік қатерлі ісік қауіпін 25-300 пайыз арасында арттыруы мүмкін. Сондықтан артық салмақтан құтылуға тырысу керек. Өзін, өз елін және қоршаған ортасын жақсы көретін адам темекі шекпеуі тиіс. Темекі шегу қатерлі ісік кеселдерінің қауіпін 5 есеге арттырады. Адам неге қатерлі ісікті ақшаға сатып алады? Ақылға қонымсыз нәрсе емес пе? Спиртті ішімдіктер асқазан, сүт безінің қатерлі ісіктерін шақырады.
ГМА-лы тағамдар да қатерлі ісік қауіпін арттырушы факторлар қатарында. Күнде ГМА-лы соя, жүгері шырыны молдап тұтынылуда. Пирог, вафля секілді тәттілер, дайын тағамдар, дәмді сусындар, яғни барлық өнімдерде дерлік жетіп артылады.
Бір жағынан электромагниттік ластықтар да қатерлі ісік қауіпін тудыруда. Ұялы телефондарға қарсы емеспін, заман талабына сай қолданып келемін, бірақ құлаққап арқылы сөйлесемін. 2G-ден 3G-ге өткенде радияция мөлшері 9 есеге ұлғайған болатын, қазір 4.5G-ге өттік, вай-фай толқындарының арасында тіршілік етудеміз. Осы аталғандар үсті-үстіне келгенде дене қаншалықты төтеп беруі мүмкін.
Қатерлі ісіктің алдын алуда күнделікті дене жаттығуларын орындау, спортпен шұғылдану пайдалы. Сондай-ақ азық түрлерінің де пайдалы әсерлері бар. Қатерлі ісікке қарсы қорған, консероген жасушалардың көбеюінің алдын алуда сарымсақтың пайдасы көп. Сарымсақты лимонмен бірге тұтынғанда әсері артады. Куркума, карри және имбирь тұтынуға да кеңес беремін.
Күлгін түсті жемістер жүзім, шие, анар, сәбіз пайдалы. Қызыл түсті өнімдерден қызанақ, қызыл бұрыш, малина, құлпынай, қарбыз тұтыну пайдалы. Қарбыз простат қатерлі ісігіне қарсы пайдалы. Қатерлі ісікке қарсы қанықпаған май қышқылдарына байланысты зәйтун майы алдыңғы орында. Өңделмеген, суық сығындыдан алынған зәйтун майынан күніне кем дегенде екі ас қасығы тұтынған жөн. Жасылдардан шомыр, қырыққабат, броколли, укроп, петрушка, шавель, ақтардан айран, ірімшік, кокос, ақ шомыр қатерлі ісікке қарсы қорған іспетті азықтар болып табылады.
Қатерлі ісік жасушалары мол май мен мол шекер жақсы көретіндіктен, қатерлі ісіктен қорғану үшін лық тойып тамақтанудан сақтану, анда-санда ораза ұстау пайдалы. Ораза ұстап май мен шекер тоқтағанда алғашқы қатерлі ісік жасушалары өледі. Мүмкіндігінше табиғи қоректенген, қолдың тауығын тұтынған жақсы.
Қатерлі ісікке қарсы протеин ретінде ет тұтынған жақсы, бірақ өңделмеген ет болуы керек. Мангалда ет пісірген жағдайда етті шоқтан 15 см алшақ ұстаған жөн. Әйтпеген жағдайда көміртек монооксиді етке жабысып, консерогендік әсер қалдырады. Етті күйдірмей тұтыну керек. Алюминді дезодорант, таба қолдану және кейбір қажетсіз екпелерде де алюмин болады. Жылына бір-екі рет қан алдыру (хажамат) осы тұрғыдан пайдалы. Міндетті түрде С, D және B12 витаминін, омега3 құрамды азықтардан алуға тырысу керек. Тұзды шектен тыс тұтыну да қатерлі ісік қауіпін арттыратын факторлар қатарында.
Мейлінше уайым, стрестен аулақ болу керек. Салауатты қоректенгенмен стресті күй жақсы жасушалардың пайда болуына кедергі келтіреді. Бақытты күн кешіп, позитивті энергия мен жақсы жасушаларды арттырып, дене мен рухтың үйлесімді күйіне екеуіне де жақсы қарап, салауатты өмір сүріңіздер.