- 07 сәу. 2015 00:00
- 296
Қай тағамдар қашан желінеді
Бүкіл азықтардың өзіне тән бөлек-бөлек пайдалары бар және денсаулық үшін өте қажет болғандары да бар. Сондай-ақ жемістің пайдалары жеген уақытымызға қарай өзгереді.
Сыр: Таңертең міндетті түрде желінуі керек. Лажы барынша тұзы және майы аз сырларды жеген дұрыс. Сыр азықтық құндылығы жағынан сүт тобына емес, ет тобына жататындықтан құрамында протеиннің деңгейі өте жоғары.
Кепкен інжір және өрік: Таңертең ағзадағы зат алмасу үрдісін бастап, қорыту жүйесін жұмыс істетеді.
Жұмыртқа: Жұмыртқа ең сапалы протеин болып саналады. Таңғы аста міндетті түрде желінуі керек.
Зәйтүн майы: Күніңізді күш-қуатпен бастауыңызға көмекші болады.
Ет: Етті тағамдар қорытылуы қиын азық. Сол себепті түскі аста желінуі керек.
Дәмдеуіштер: Тәбетті ашады. Сол себепті түскі аста және айранға қосып ішуге болады.
Айран: Әр тамақ жегенде айран немесе шалап ішуге болады.
Жеміс суы: Түстен кейін қарын аша бастаған кезде нан мен сыр және бір стакан жеміс суын ішуге болады.
Сүт: Кальцийдің қайнар көзі болған сүтті майсыз тамақтың араларында ішуге болады.
Бұршақты дақылдар: Жасымық, фасоль сияқты бұршақты тағамдар кешкі асқа зәйтүн майымен дайындалса өте пайдалы.
Етті немесе сырлы салат: Кешкі аста еттің орнына етті немесе сырлы тамақ жеу, қорытуды жеңілдетеді.
Жаңғақ: Омега 3-ке бай және ми жасушаларына өте пайдалы азық болып табылады. Кешке желінсе пайдасы өте көп.
Жеміс: Жатудан ең аз екі сағат алдын желінетін жеміс, қорыту жүйесін және метаболизманы (зат алмасуды) қорғайды.