ӨлеңдерҚазақ қызына әзіл
infohub.kz редакциясы · 2015 ж. 26 сәуір945 қаралым
Шолақ айдар, шөп желке,
Бауырсақ мұрын, бүйрек бет,
Был-сылқ етіп жүргенде,
Ойламайсың ба үйрек деп?!
Өзім қазақ болған соң,
Бауырсақ мұрын, бүйрек бет,
Басқа айтпайды, мен айтам:
«Сендей сұлу сирек»,- деп.
#өлең#қазақ#мағжан жұмабаев өлеңдері#мағжан#жұмабаев#қызына#әзіл#қазақ қызына әзіл