5 сынып Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы.
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;
Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру;
Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын, елін - жерін қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Моңғол шапқыншылығы туралы не білдік?
Отырар қаласы қайда орналасқан?
Шыңғысхан бастаған монғолдар қазақ жеріне қай жылы келеді?
ІІІ. Жаңа сабақ
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14 - 15 ғғ. болған әлеуметтік - экономикалық және этникалық - саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр (1428 - 1468) Жошы - Шайбан - Дәулет - Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді.
1457 ж. Үз - Темір тайшы бастаған ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деген өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Қазақ хандығының құрылуына себеп болған тағы бір жағдай Қыпшақ Қобыланды батырдың Арғын биі Ақжолды өлтіруі болды.
1466 жылы Жәнібек пен Керей Қозыбасы жерінде Қазақ хандығының негізін қалады.
Тапсырма беру.
Қазақ хандығының құрылу процесі
Қазақ хандығының аумағы мен халқы
Қазақ хандығының сыртқы саясаты
ІV. Бекіту:
Математикалық ойын
4000/2 - 532= (Әбілқайыр ханның қайтыс болған жылы)
400х3+148= (Моғолстанның құрылған жылы)
2800+105 - 1500= (Әмір Темірдің қайтыс болған жылы)
728х2+0= (Қазақ хандығының құрылған жылы)
4000+221 - 3000= (Шыңғысханның Орта Азияны жаулауды аяқтауы)
500х2+395= (Тоқтамыс пен Темірдің шешуші шайқасы)
3800/2 - 91= (ҚР - ның Тәуелсіздік алған жылы)
V. Қорытындылау
Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.
VI. Үйге
1. Қазақ хандығының құрылуы процесін сызбаға түсіру
2. Атластағы кескін карта тапсырмасын орындау
3. Керей мен Жәнібек хандар туралы реферат жазу
VII. Бағалау
Қазақ хандығының құрылуы
5 сынып Қазақстан тарихынан әңгімелер
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз723 қаралым
#қазақ хандығының құрылуы#сабақ жоспары#қазақстан тарихы 5 сынып
Ұсынылады
Оралдық депутаттар жол жүру және қоқыс шығару тарифтерін талқылаудан бас тартты
Қала әкімдігі ұсынған жаңа тарифтерді қабылдаудан бас тартқан депутаттар ақпараттың жеткіліксіздігін алға тартты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 11 маусым
VI ғасырдағы жәдігер: Маңғыстаудан өңір тарихына жаңа көзқарас беретін артефакт табылды
Маңғыстау облысындағы Қарақабақ көне қалашығынан табылған VI ғасырға жататын құмыра өлке тарихына қатысты жаңалықтар ашуы мүмкін.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Алтын Орданың мұрагерлері: Қазақстан тарихының ресми нұсқасы қалай өзгеруде?
Тарихшы Жамбыл Сабитов Қазақстанның Алтын Орда мұрасына неге көбірек жүгінетінін, тарихқа деген көзқарас қалай өзгеретінін және мектеп оқулықтарында қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтып берді.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

