Қазақстан азаматтығын алуға қойылатын талаптар өзгерді,-деп хабарлайды Инфохаб

Қазақстан азаматтығын алу емтиханына қатысты жаңа ереже күшіне енді. Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес, талапкерлерге қойылатын баллдық жүйе қайта қаралды.

Жаңа талаптар мынадай:

Мемлекеттік тілді (қазақ тілін) қарапайым деңгейде білуі — кемінде 15 балл (бұрын 36 балл еді);

Қазақстан Республикасының Конституциясы негіздерін білуі — кемінде 20 балл (бұрын 9 балл болатын);

Қазақстан тарихы бойынша талап өзгеріссіз қалды — 15 балл.


Бұл өзгерістер 2025 жылғы 26 тамыздан бастап ресми түрде қолданысқа енгізілді.

Министрлік бұл қадамды азаматтық алуға өтініш берушілердің білімін әділ бағалау және тіл меңгеру деңгейін нақтылау мақсатында жасалғанын атап өтті.