2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда 6 млн 140 мың 700 бірлік автокөлік құралы тіркелген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректері көрсетіп отыр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Тек қазан айында ғана 172,2 мың бірлік автокөлік есепке қойылды. Оның ішінде жеңіл автомобильдер — 153,8 мың, жүк көліктері — 9,9 мың, автобустар — 1,3 мың, мотоциклдер — 0,8 мың, тіркемелер — 4,6 мың, өзге де көлік құралдары — 1,8 мың.
Тіркелген автопарктің жалпы құрылымында 83,9% жеңіл автомобильдерге, 8,1% жүк көліктеріне, 4,3% тіркемелерге, 1,5% автобустарға, 1,2% мотоциклдерге және 1% өзге құралдарға тиесілі.
Пайдаланылатын отын түрі бойынша көліктің 79,9%-ы бензинмен, 7,5%-ы дизель отынымен жүреді, аралас отынмен жүретін көлік үлесі 6,5%-ды құрайды. Газ баллонды отынға 0,4% келеді.
Электр қуатымен 43 056 бірлік көлік жүреді — бұл елдегі автомобильдердің жалпы санының 0,7%-ы.
Электромобильдердің ең көбі Алматыда тіркелген — 22 065 бірлік. Одан кейін Астана — 3 662, Алматы облысы — 3 120 және Ақмола облысы — 1 805.


