«Қазгидромет» метеорологиялық қызметі қазан айына арналған ауа райының консультативтік болжамын жариялады: айдың алғашқы күндеріндегі қысқа мерзімді суықтан кейін Қазақстанға жылы ауа райы қайта оралады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жалпы, болжам бойынша, қазан айы жылы әрі жауын-шашын мөлшері қалыпты болады.

Метеорологиялық қызметтің мәліметінше, қазанның басында ел бойынша ауа температурасының негізгі фоны +15...+25 градус шамасында болады. Содан кейін Солтүстік циклонның әсерінен республиканың бүкіл аумағында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады, жел күшейіп, екпіні 15-28 м/с жетеді, солтүстік жартысында төменгі бұрқасындар болуы мүмкін.

Арктикалық ауа массаларының енуімен тұман, көктайғақ құбылыстары және аяз болуы ықтимал. Айтарлықтай суытады, бірақ ұзаққа емес: елдің батысы мен солтүстік-батысында түнде -6...+5, күндіз +2...+11 градус; солтүстікте, шығыста және орталықта түнде -1...-6, күндіз 0...+8 градус; республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 0...+5°С, күндіз +10...+15, таулы аудандарда түнде -2...-10, күндіз +5...+10 градус.

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Орта Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массаларының келуімен елдің басым бөлігінде күндізгі температура +15...+20-ға, оңтүстік-батыста және оңтүстік жартысында +18...+28 градусқа дейін көтеріледі.

Қазанның екінші және үшінші онкүндіктерінде температуралық фонның ауытқуы болжанады: батыс және солтүстік-батыс өңірлерде түнде +5...+12-ден -5...+5-ке дейін, күндіз +18...+28-ден +10...+20 градусқа дейін; елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +3...+8-ден -1...-8-ге дейін, күндіз +15...+23-тен +3...+13 градусқа дейін; оңтүстік жартысында түнде +5...+10-нан -3...+5-ке дейін, күндіз +15...+23-тен +20...+30-ға дейін, кейбір кезеңдерде температуралық фон түнде -1...-6, күндіз +10...+15 градус болады.

Болжамға сәйкес, жалпы қазан айында айлық орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градусқа жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Павлодар облысының солтүстік-шығыс жартысында және Абай облысында нормаға жуық болады. Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде климаттық нормаға жуық болжанады.