Жапонияның Айти-Нагоя аймағында өтіп жатқан 2026 жылғы ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстанның регби-7 ерлер құрамасы алғашқы жеңісін тойлады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бейсенбіде ерлер және әйелдер құрамалары іріктеу кезеңінің екі ойынын өткізді.

Қазақстанның ерлер құрамасы А тобындағы алғашқы ойынында Жапониядан 0:38 есебімен жеңіліп қалды. Алайда екінші турда қазақстандықтар Таиландты 12:5 есебімен ұтты. Нәтижелі әрекеттерімен Никита Иванов пен Данил Тур көзге түсті.

Үшінші, шешуші турда қазақстандықтар 2 қазанда Оңтүстік Кореямен ширек финалға тікелей жолдаманы сарапқа салады.

Әйелдер құрамасы D тобында бейсенбіде екі ойында да жеңіліс тапты — Таиландтан (5:28) және Жапониядан (0:48). Үшінші, шешуші турда 2 қазанда Сингапурмен кездеседі.

Әйелдер торында медаль үшін күресті екі топтың да ең мықты екі командасы жалғастырады. Қазақстан құрамасы жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылып, кейін жұбаныш плей-оффында ойнайды.