Қазақстан тарихын инновациялық әдістемелік оқыту жолдары
Оқытуды саралау - интерактивті модульдік оқыту технологиясы Қазақстан тарихы сабақтарын ұйымдастырудың маңызды факторларының бірі
М. М. Жанпейісова бойынша білімді толық меңгерту әдістемесіндегі мұғалімнің жүйеде құрылатын жұмысы: оқу модулі - оқу ақпаратының біршама дербес блогы, оған оқу мақсаты мен міндеттері, әдістемелік нұсқаулар, шамамен алғандағы іс - әрекеттер негізі, оқу қызметін атқару жетістігін бақылау (өзін - өзі бақылау) құралдары енеді.
Мақсаты: оқу үрдісінде оқушының шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызу және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындап, оңтайлы формаларын дайындау.
Міндеттері: жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру; таным үрдістерін дамыту; сөздік қорын дамыту; өзара көмек және бірге бастан өткізу; оқу себептілігін өзгерту; оқу пәні Қазақстан тарихының ішкі мазмұнын оқушының ойлау, іздену үрдісіне сәйкестендіріп құру; ұстаздың дайын білімді жеткізуші қызметінен оқушыны ойландыру, іздендіру, танып білуге өздігінен талаптандыру қызметіне көшу; оқушының алған ББД іс жүзінде қолдана білу, білім сапасын арттыруға қолайлы жағдай туғызудың бір жолы - интерактивтік модульдік оқыту технологиясы; («кесте 1»)
Қазақстан тарихы. 6 - сынып
Модуль №1. Сақтар /6 сағат/
Осыдан келіп мұғалімнің жұмысы мынадай жүйеде құрылады:
- оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру; сыныпта берілген блок (мазмұны бойынша жақын) тарау бойынша жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру; мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіру (сызба, график, кесте және т. б.); оқушыға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру; оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтың қарым - қатынас негізінде оқушының танымдық іс - әрекетін ұйымдастыру; жалпы тарауды, тақырыпты 4 - 7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту; барлық тақырып бойынша тест ( сынақ, сынақ хат, бақылау жұмысы т. б. ) жүргізу;
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы
«Кеңес Одағының Батыры И. М. Бережной атындағы
Келлер орта мектебі»КММ У. У. Касымова
Толық нұсқасын жүктеу
Қазақстан тарихын инновациялық әдістемелік оқыту жолдары
Қазақстан тарихын инновациялық әдістемелік оқыту жолдары
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз782 қаралым
#қазақстан тарихы#инновациялық әдістемелік оқыту жолдары#интерактивті модульдік оқыту технология
Ұсынылады
"Педагогтерді қорғаймыз": Депутат Асхат Аймағамбетов ұстаздарға қуанышты жаңалық айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтердің жауапкершілігін шектейтін заң жобасы туралы айтты. Енді мұғалімдер балалардың өмірі мен денсаулығына тек оқу-тәрбие процесі кезінде ғана жауапты болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 29 сәуір
Оқу-ағарту министрі мұғалімдерді қуантатын жаңалықпен бөлісті: Білім беру жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?
Қазақстанда бастауыш сыныптарға, 5-11 сыныптарға арналған жаңа пәндер енгізіліп, оқу бағдарламалары қайта қаралады. Министр Жұлдыз Сүлейменова бұл өзгерістердің білім сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 21 сәуір
Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар
Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

