С. Аманбайұлы атындағы орта мектептің
тарих пәні мұғалімі Алмагул Жетписбаева
Қазақстан тарихы 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы "Кіші Қазан" саясаты
Сабақ негізделген оқу мақсаты
Қазақстандағы "Кіші Қазан" саясаты туралы түсінік беру.
Оқу нәтижелері Барлық оқушылар /с/
Қазақстандағы "Кіші Қазан" саясатының жүргізілгенін, зардабын біледі.
Оқушылардың басым бөлігі /в/
Қазақстандағы "Кіші Қазан" саясатының жүргізілу мақсатын түсінеді. Жаңа сөздердің мағынасын ажырата алады.
Кейбір оқушылар /а/
Қазақстандағы "Кіші Қазан" саясатының барысын түсінеді, талдай біледі. Тарихи тұлғалардың еңбектерімен танысады.
Алдыңғы оқу Үй тапсырмасын қадағалау.
"Сен маған, мен саған " әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Әр оқушы тақырып бойынша ашық, жабық сұрақтар дайындайды.
Басталуы
ойыны арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
"Он сауал" ойыны арқылы сабақтың мақсатын айқындау.
Ортасы
1. Топқа бөлу арқылы, жаңа сабақты түсіну.
2. Постер құрып, қорғайды.
«Жигсо» әдісі бойынша үш топқа бөлініп топтағы оқушылар 1, 2, 3, ретімен нөмірленіп, осы ретімен тақырыпшалар бөліп берілді. Ары қарай жүру бағыты түсіндірілді. Оқушы өздері оқып, топтарға нөмірлері бойынша жиналып, талқылап, қайтадан бастапқы топтарына қайтып келіп, тақырыпша бойынша түсінігін топтың басқа нөмірдегі оқушыларына уақытқа сай кезекпен түсіндіруі керек болды. Оқушылар бағалау парағына топ мүшелерінің ішінен ең жақсы сөйлеген оқушыны белгілеп отырады.
Белсенді оқиды, топта түсінгендерін айтады.
Әр топ негізгі түсініктерді талдап, түсіндіреді,
оқу техникасын дамытады, алған білімін пысықтайды, өмірде қолданып үйренеді.
Топпен тапсырмаларды бірігіп орындайды, дарынды оқушылар жетекшілік етеді,
қалған оқушылар солардың көмегі арқылы жаңа тақырыпты меңгереді.
Дарынды оқушылар кеңейтілген тапсырмаларды орындауда жетекші болады.
3. Диктант
1925 - 1933жж, Садуақасов, Түркісіб, бірінші бесжылдық, Тұрар Рысқұлов,"Қазақстан отар болып келді, солай болып қалады", Курнаков, Губкин, Сәтбаев, "Кіші қазан", 1930ж 28 сәуір сөздеріне сөйлем құрастыру.
Толық нұсқасын жүктеу
Қазақстандағы "Кіші Қазан" саясаты
С. Аманбайұлы атындағы орта мектептің
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз537 қаралым
#тарихтан сабақ жоспары#қазақстандағы кіші қазан саясаты
Ұсынылады
Оралдық депутаттар жол жүру және қоқыс шығару тарифтерін талқылаудан бас тартты
Қала әкімдігі ұсынған жаңа тарифтерді қабылдаудан бас тартқан депутаттар ақпараттың жеткіліксіздігін алға тартты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 11 маусым
VI ғасырдағы жәдігер: Маңғыстаудан өңір тарихына жаңа көзқарас беретін артефакт табылды
Маңғыстау облысындағы Қарақабақ көне қалашығынан табылған VI ғасырға жататын құмыра өлке тарихына қатысты жаңалықтар ашуы мүмкін.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Алтын Орданың мұрагерлері: Қазақстан тарихының ресми нұсқасы қалай өзгеруде?
Тарихшы Жамбыл Сабитов Қазақстанның Алтын Орда мұрасына неге көбірек жүгінетінін, тарихқа деген көзқарас қалай өзгеретінін және мектеп оқулықтарында қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтып берді.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

