Tengrinews.kz / Алихан Сариев
- 13 мам. 2026 16:00
- 34
Қазақстандағы орташа жалақы қанша?
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан бойынша орташа және медиандық жалақы мөлшерін жариялады. Бұл деректер елдегі экономикалық жағдай мен халықтың табыс деңгейін бағалауға көмектеседі.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан бойынша орташа айлық номиналды жалақы 461 486 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1 пайызға артқанымен, инфляцияны ескергенде 2,3 пайызға төмендеген.
Аймақтар бойынша орташа жалақы
Аймақтық бөліністе орташа айлық номиналды жалақының ең жоғары өсімі Абай облысында – 14,2 пайыз (405 425 теңге), Павлодар облысында – 12,4 пайыз (448 906 теңге), Жетісу облысында – 12,2 пайыз (346 199 теңге), Алматы облысында – 10,9 пайыз (376 012 теңге) және Алматы қаласында – 10,7 пайыз (574 162 теңге) тіркелді.
Ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау облысында – 659 801 теңге, Ұлытау облысында – 655 995 теңге, сондай-ақ Атырау облысында (652 950 теңге) болды.
Салалар бойынша жалақы өсімі
Орташа айлық жалақының ең үлкен өсімі ауыл, орман және балық шаруашылығында – 20,3 пайыз, қаржы және сақтандыру қызметінде – 18,1 пайыз, сумен жабдықтауда – 16,5 пайыз, электрмен, газбен, бумен жабдықтауда, ыстық сумен және ауаны баптауда – 14,7 пайыз, көлік және қоймалауда – 12,9 пайыз және өнеркәсіпте – 11,6 пайыз тіркелді. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 7 пайызға, білім беру саласында – 4,2 пайызға өсті.
Медиандық жалақы
2026 жылдың бірінші тоқсанындағы медиандық жалақы (жалақы қатарының ортаңғы деңгейі) 331 527 теңгені құрады. Медиандық жалақы барлық қызметкерлерді екі тең топқа бөледі: жартысы бұл сомадан аз, ал екінші жартысы көбірек табыс табады. Бұл көрсеткіш өте жоғары немесе өте төмен жалақыларды есепке алмағанда, «орташа» адамның қанша табыс табатынын көрсетеді.
-
Жазғы демалыс алдында Ішкі істер министрлігі жастарға интернеттегі алаяқтардың алдау әрекеттері туралы ескерту жасады. «Оңай ақша» деген желеумен есірткі бизнесіне тарту қаупі бар.
-
С 2026 года в Казахстане вводится обязательное декларирование доходов и имущества. Узнайте, кто подпадает под новые правила и какие штрафы грозят за несвоевременную подачу.