Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,9 триллион теңгеге жетті

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,9 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қазіргі басты міндет — бюджет тапшылығын азайтып, салық түсімдерін ұлғайту арқылы қарыз көлемін шектеу.

"Қарыз деңгейін бақылауда ұстау үшін бірінші кезекте бюджеттің кіріс бөлігін арттыру қажет. Салық базасын кеңейту, көлеңкелі экономиканы қысқарту және цифрлық құралдарды кеңінен енгізу — басты бағыттарымыз," — деді Мәди Тәкиев.

Мемлекеттік қарыздың өсуі елдің қаржылық тұрақтылығына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Сол себепті, Үкімет бюджеттік тәртіпті күшейтіп, шығындарды оңтайландыру шараларын қолға алмақ.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама