8 - сынып Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Қазақтардың 1812 ж. Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
Мақсаты:
1) 1812 ж. соғыс туралы хабарды қазақтар қарсы алғанын айтып түсіндіру. Ұрысқа қатысқандар туралы оқушыларға әңгімелеу;
2) Оқушылардың өздігінен және топ болып жұмыс істеу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу;
3) Ұлтаралық тәрбие беруде қазақ халқы мен орыс халқының достығы тек ғана шаруашылық пен мәдениет салаларымен шектеліп қалған жоқ, сонымен бірге жауға қарсы да бірлесе соғыса білгенін көрсету.
Көрнекі құралдар: «1812ж. Отан соғысы» картасы, «19ғ. Қазақстан» картасы, плакат, кеспе материалдар, құжаттар, суреттер т. б.
Әдісі: топпен, жекеленген, оқулықпен жұмыстар, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Түрі: аралас сабақ./ойын элементтері, іздену, ой қорыту, жарыс, «тарихи тізбек», «құрақ көрпе», «Датаны тап!» ойындары./
Пәнаралық байланыс: дүние жүзі тарихы, әдебиет.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Карточкалар бойынша сұрау;
б) Сұрақ - жауап минуты;
с) Сызба бойынша жұмыс;
Үй тапсырмасын бекітіп, қорытындылау.
● Хронологиялық жұмыс жүргізу. /«Датаны тап!» ойыны/
● «Құрақ көрпе» ойынымен іске асырылады./Әр түсті қағаздарға жазылған сұрақтардың жауабын тауып, магнитті тақтаға құрақ сияқты құрау/
Жаңа сабақ.
Жаңа материалды оқытудың жоспары
1. 1812ж. соғыстың басталуы.
2. Қазақ жауынгерлерінің негізгі шайқастарға қатысуы.
3. 1812ж. соғыста екі халықтың әскери ынтымақтастығы.
4. Қорытынды.
1. Оқулық мәтінімен жұмыс істеу.
2. Сыныпты екі топқа бөліп тапсырмалар беру.
1 - топқа «Қазақтардың Ресейге көмегі»
2 - топқа «Ұрысқа қатысқан қазақтар»
Тапсырмалар ауызша орындалады. 5 - 7мин. уақыт беріледі. Жауаптары тыңдалып, толықтырылады.
♦ Плакат бойынша түсініктеме беру. «Ұрысқа қатысушы қазақтар».
♦ Карта бойынша жұмыстар жүргізу. Негізгі шайқас болған жерлерге саяхат жасау.
♦ Құжат материалдарымен таныстыру.
Тақырыпты бекіту сұрақтары:
♦ 1804 - 1815ж. Кіші жүзден қанша жылқы алынды?
♦ Бөкей ордасынан қанша жылқы алынды?
♦ Наполеонға қарсы орыс емес ұлттар қандай құрамаларда шайқасты?
♦ Орынбор губерниясында қанша кавалериялық полк құрылды?
♦ Сан жағынан қазақтар қай полктерде көп болды?
♦ Екі ел достығы рухын көтеруге ат салысқан старшын кім?
♦ Отан соғысына қатысып жоғары марапаттарға ие болған қазақтарды атаңдар?
Қорытынды.
Башқұрт - қазақ әскери бөлімшелерінде негізгі шайқастарға қатысқан қазақтар бұл жеңіске салмақты үлес қосты. Қазақтардың 1812ж. соғысқа қатысуы екі халықтың әскери бауырмадығын нығайта түсті.
Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.
Үйге тапсырма: $ 9 оқу. Кестені толтыру.
Қазақтардың 1812 жылы Ресейдің Отан соғысына қатысуы
8 - сынып Қазақстан тарихы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз750 қаралым
#тарих#қазақстан тарихы#8 сынып#күнделікті сабақ жоспары#1812 жылғы отан соғысы
Ұсынылады
АҚШ-тағы drive-thru мәдениеті: тарихы мен эволюциясы
Америкалық drive-thru тарихы: алғашқы drive-in мейрамханалардан қазіргі заманғы көп жолақты жүйелерге дейін. Бұл құбылыс қалай американдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды.
Мұқаш Жадайхан·2026 ж. 14 тамыз
Тарихшы: Алтын Орданың барлық халықтарының ортақ рулық тамыры бар
Этнолог Дәмір Исхаков Алтын Орда руларынан тараған халықтардың ортақ тамырлары туралы айтып, рулық жүйені зерттеудің маңыздылығын атап өтті.
Ораз Ғалымбек·2026 ж. 11 тамыз
XVII ғасырда қазақ хандары мен батырларын қарумен кім қамтамасыз етті
Тарихшы Леонид Бобров XVII-XVIII ғасырларда қазақ элитасын Бұхара, Қоқан және Хиуа шеберлері қарумен қамтамасыз еткенін айтты. Толығырақ материалда.
Алаш Ордабай·2026 ж. 9 тамыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

