Класы: 5
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: "Қазақтың көрнекті ғалымы Ш. Уәлиханов"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Оқушыларға қосымша материалдардан тапсырмалар беру арқылы ой - өрісін, сана - сезімін дамыту
Тәрбиелік. Өз елін, жерін, мәдениетін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: суреттер, тест кітабы, қосымша газет - журнал
Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысымдарын тексеріп, журлан толтырамын. Класс тазалығына мән беремін. Оқушылардың назарн сабаққа аудару.
Үй жұмысын тексеру.
§34. Түсініктерін сұрап, сұрақ - жауап аламын.
Үй жұмысын қорытындылап бекітемін.
Сұрақ - жауап түрінде.
Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың мақсатын тақтаға жазып, мақсатымен таныстырамын.
Ой түрткі.
Ш. Уәлиханов кім? (географ, саяхатшы, ойшыл, тарихшы, этнограф, суретші)
1) 1847 ж. күзде 12 жасында Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіп, 1853 жылы 18 жасында бітіріп, корнет деген офицерлік атақ алды.
2) 1857 ж. Алатау қырғыздарына барып, қырғыз эпосы "Манасты" жазып алды?
3) 22 жасында Орыс географиялық қоғамына толық мүше болып қабылданды.
4) 1859 ж. өзін әлемге әйгілі еткен Қашғар саяхатына барды
5) 1860 ж. Петербургте ержүрек жиһанкез және Орта Азия халықтары өмірін зерттеуші ретінде құрметтеліп, орденмен марапатталды
6) 1864 ж. Шоқан генерал Черняевтың әскери экспедициясы құрамында Әулиеата бекінісін алуға қатысты.
7) 1865 ж. "Қытайдағы дүнгендер көтерілісі" деген ақырғы еңбегі жарияланды
"Жұлдызды сәт" ойыны.
1) Ш. Уәлиханов өмір сүрген жылдары? (1835 - 1865)
2) Ш. Уәлихановтың туған жері? (Құсмұрын бекінісі)
3) Ш. Уәлихановтың шығу тегі? (Ақсүйек, Шыңғысхан ұрпағы)
4) Шоқанның тәрбиесіне әсер еткен адам? (Әжесі Айғаным)
5) Ш. Уәлихановтың шын есімі? (Мұхаммед - Қанапия)
6) Қай жылдары Ш. Уәлиханов Сібір Кадет корпусында білім алды? 1847 - 1853 ж. ж.)
7) Шоқан неше жасында оқуға барды? 12 жасында
8) 12 жасында 1847 ж. қайда оқуға түсті? Сібір (Омбы) кадет корпусы
9) Сібір кадет корпусы қайда орналасты? (Омбыда /Омск/)
10) 1858 ж. Сібір кадет корпусын бітірген Шоқан қандай әскери шен алып шықты? (корнет)
11) Шоқанның достары ішіндегі аса көрнекті орыс жазушысы? (Ф. Достоевский)
12) Ш. Уәлиханов қайтыс болған жер? (Алтынемел жотасы)
13) Ш. Уәлихановтың соңғы мақаласы шыққан газет? (Русский инвалид)
14) Мұхаммед Қанапияны "Шоқан" деп атаған кім? (Әжесі Айғаным)
15) 1856 ж. Ыстықкөлге сапарға шыққан
16) 1857 ж. Алатау қырғыздарына
17) 1859 - 1861 ж. Петербургте болған кезеңі (қызықты шақтар)
18) Неміс, орыс, ағылшын, француз тілдерін жетік меңгерген
19) Шоқанның 150 жылдық тойына академик Ә. Марғұлан ғалымның 5 томдық еңбектерін құрастырған.
Сөзжұмбақ.
Ш Ы Ң Ғ Ы С
О М Б Ы
Қ Ұ С М Ұ Р Ы Н
А Й Ғ А Н Ы М
М А Н А С
Көлденеңінен.
1) Әкесінің аты.
2) Қаланың аты.
2) Туған жері?
4) Әжесінің аты?
5) Алатау қырғыздарына сапарында алғашқы қағазға түсірген?
Сұрақтар мен жауаптар алмасу
Үйге: §35. Оқып келу.
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз967 қаралым
#Шоқан Уәлиханов#тарих#ашық сабақ жоспары#қазақтың көрнекті ғалымы
Ұсынылады
Оралдық депутаттар жол жүру және қоқыс шығару тарифтерін талқылаудан бас тартты
Қала әкімдігі ұсынған жаңа тарифтерді қабылдаудан бас тартқан депутаттар ақпараттың жеткіліксіздігін алға тартты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 11 маусым
VI ғасырдағы жәдігер: Маңғыстаудан өңір тарихына жаңа көзқарас беретін артефакт табылды
Маңғыстау облысындағы Қарақабақ көне қалашығынан табылған VI ғасырға жататын құмыра өлке тарихына қатысты жаңалықтар ашуы мүмкін.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Алтын Орданың мұрагерлері: Қазақстан тарихының ресми нұсқасы қалай өзгеруде?
Тарихшы Жамбыл Сабитов Қазақстанның Алтын Орда мұрасына неге көбірек жүгінетінін, тарихқа деген көзқарас қалай өзгеретінін және мектеп оқулықтарында қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтып берді.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

