«Қазгидромет» 17 қыркүйекке арналған дауылды ескерту жариялады: Қазақстанның батысын, солтүстігі мен шығысын найзағайлы жаңбыр жауып, Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында түнде жаңбыр мен көктайғақ қар жаууы мүмкін. Қалған аумақта айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Кейбір өңірлерде жел 15-20 метрге дейін күшейеді. Түркістан облысының оңтүстігінде шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнде және таңертең еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі.

Жаңбыр мен найзағай Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай және Маңғыстау облыстарында күтіледі.

Қатты жел Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл және басқа да облыстарда соғады. Шымкент пен Түркістанда солтүстік-шығыс желдің екпіні 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысында түнде солтүстікте және шығыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарында және Ұлытау облысында, сондай-ақ тағы бірнеше өңірдің жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана мен Алматыда өрт қаупі жоғары болып тұр, Қонаевта — төтенше.

Бұған дейін синоптиктер Өзбекстаннан келетін ауа Қазақстанға жылу әкелетінін айтқан еді.