Сабақтың тақырыбы: Қыпшақ хандығы. ( XI – XIII ғасырдың басы)
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: — Оқушыға Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы, қоғамдық құрылысы, саяси жағдайы, шаруашылығы туралы мағлұматтар беру.
б) Дамытушылық: — Қыпшақ хандығындағы қазақ халқының қалыптасуындағы орнын айқындау.
в) Тәрбиелік: — Оқушыларды елжандылыққа, өз елінің тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, жекелей, шығармашылық, сұрақ - жауап, картамен жұмыстар т. б.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Қарақытайлардың Қазақстан жеріне келу себебі неде?
Қарақытайлардың қоғамдық құрылысының ерекшелігі?
Қарақытайлар алым - салық жинау жүйесін қалай жүргізді?
Қарақытай мемлекеті өзінің сыртқы саясатында қандай бағыт ұстанды?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1. Қыпшақтардың қоныстанған, мекендеген жерлері
2. Қыпшақтардың этникалық құрамы
3. Қоғамдық құрылысы
4. Саяси жағдайы
5. Шаруашылығы.
1. Қыпшақтар:
1. Батыс бірлестік (11 тайпа)
2. Шығыс бірлестік (16 тайпа 8 — ірі, 8 — ұсақ)
2. Басқару жүйесі:
1. Оң қанат (Сарайшық)
2. Сол қанат (Сығанақ)
3. Зерттеушілер:
1. Ибн Баттута – «Қыпшақтар малға бай…»
2. Плано Карпини, Рубрук – «Қыпшақтардың жылқы малы 100 — 500 динарға сататын…»
3. Петахья – «….. тары мен күріш өсіреді….»
4. Әл — Омари – «….. бидай, арпа, тары өсіреді»- деп жазған.
Дәптермен жұмыс:
Жаңа сөздерді:
Орда – хандық билік орталығы
Бөрілер – ең белді, басты тайпа.
Жатақтар – малы аз көшіп қонуға жағдайы жоқ кедейлер.
«Кундар, командар» — венгрлер қыпшақтарды атаған
«Половшылар» — орыстар қыпшақтарды атаған.
Негізгі оқиғалар:
VII — VIIIғғ.- қыпшақтардың этникалық құрамы құрылды.
XI — XIIIғғ.- Қыпшақ хандарының билігі күшейді.
XIIIғ.- Хорезм шахы мен қыпшақтар арасында шайқастар болды.
Тарихи диктант.
Қыпшақтардың….. ҮІІ - ҮІІІ ғғ қалыптаса бастаған.
VІІ. Үйге тапсырма: §13 оқып келу. ВЕНН диаграммасын толтыру: Қарақытайлар мен қыпшақтардың ерекшеліктері мен ұқсастығын тауып дәптерге жазу тапсырылады.
Қыпшақ хандығы
Сабақтың тақырыбы: Қыпшақ хандығы. ( XI – XIII ғасырдың басы)
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз808 қаралым
#қыпшақ хандығы#сабақ жоспары тарих
Ұсынылады
Алтын Орда әйелдерінің бас киімдерінің сыры: олардың астында не жасырылған
Археологтар Алтын Орда әйелдерінің бас киімдерінің астында не жасырылғанын айтты: әлеуметтік мәртебе, жас, отбасылық жағдай. Құрылымы және қазақ саукелесіне әсері туралы біліңіз.
Мұқаш Жадайхан·23 сағ бұрын
Тарихшы: Алтын Ордада пара қарапайым сыйлық саналған
Тарихшы Жақсылық Сәбитов Алтын Ордада пара қарапайым сыйлық саналғанын және саяси мәселелерді шешу үшін қолданылғанын айтты.
Алаш Ордабай·2026 ж. 18 тамыз
АҚШ-тағы drive-thru мәдениеті: тарихы мен эволюциясы
Америкалық drive-thru тарихы: алғашқы drive-in мейрамханалардан қазіргі заманғы көп жолақты жүйелерге дейін. Бұл құбылыс қалай американдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды.
Мұқаш Жадайхан·2026 ж. 14 тамыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

