Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушыларға қышқылдар және оның физикалық қасиеттері жайлы мағлұмат бере отырып, жаңа ұғымдармен «қышқыл», «индикатор» таныстыру. Қышқыл қалдығының валенттігін анықтау, формуласын құрастыру әдісін және алыну жолдарын түсіндіру.
б) Дамытушылығы: Қышқылдың формуласын жаза білу және қышқылдармен жұмыс істеу қауіпсіздігін сақтау дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың химиялық тәжірибе жүргізу іскерліктерін дамыту.
в) Тәрбиелілігі: Алған білімін өмірде пайдалана білуге, ойын анық, тез дұрыс жеткізе алуға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
III. Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, сызбанұсқалар, реактивтер (қышқылдар, индикаторлар т. б.) химиялық ыдыстар, кеспе қағаздар т. б.
IV. Өткізу әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.
V. Сабақ типі: Жаңа білімді меңгеру.
VI. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен амандасу;
ә) оқушыларды түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау. § 46. Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері
Кім жылдам?
1. Негіздердің құрамы мен анықтамасы?
2. Негіздердің жіктелуі
3. Негіздердің құрылымдық формуласы?
4. Негіздердің алынуы
5. Негіздердің физикалық қасиеттері.
6. Негіздердің химиялық қасиеттері
Табиғатта кездесетін: Алма, лимон, шұбат, қымыздың қандай дәмі бар?
Сұйылтылған сірке қышқылы қайда қолданады?
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақтың жоспары
Қышқылдың құрамы.
Қышқыл дегеніміз не?
Құрамындағы сутек атомының санына қарай жіктеу.
Құрамында оттек атомының болу, болмауына қарай жіктеу.
Табиғаттағы қышқыл
Физикалық қасиеті
Қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережесі.
Қышқылдардың индикаторларға әсері.
Қышқылдарды алу тәсілдері.
Бекіту бөлімі
Қышқылдар дегеніміз – құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.
Қышқыл құрамында оттек атомының болу немесе болмауына байланысты
Қышқылдар – 1. Оттексіз қышқылдар HF, HCl, HBr, HI H2S
2. Оттекті қышқылдар HNO3, H2SO4 H2CO3, H3PO4
Қышқылдарды алу тәсілдері
1. Бейметалл оксидтері сумен әрекеттескенде оттекті қышқылдар алынады.
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері. жүктеу
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз575 қаралым
#қышқылдардың жіктелуі алынуы химиялық қасиеттері#қышқыл қалдығы#валенттігін анықтау
Ұсынылады
Алматыда жарнама агенттігінің басшысы 473 миллион теңгені жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды
Алматыда "Webcom Kazakhstan" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Евгений Горожанкинге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Ол 473 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Хиджама: Қазақстандағы қан шығару емдеуінің қаупі мен салдары туралы дәрігерлер пікірі
Қазақстанда танымал болып келе жатқан хиджама процедурасының денсаулыққа зияны мен қауіптері туралы медицина мамандарының пікірін біліңіз.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 25 мамыр
Заттардың ерігіштігі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3C Ерітінділер мен ерігіштік Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, 53 мектеп-лицей МКМКүні: Мұғалімнің аты-жөні: Химия және биология пән мұғалімі: Князова А.К.Сынып: 8 «Ә»Қат...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

