Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би Келдібекұлы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазыбек бидің өмірін, еңбектерін, әңгімелерінің тәрбиелік ұғымын топтық жұмыс арқылы ұғындыру. Сабақ барысында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретіп, білім дағдыларын қалыптастыру.
Табыс критерийі: Қазыбек бидің өмір жолын, еңбектерін білу, тану. Қазыбек бидің әңгімелерінің тәрбиелік мазмұнын, мағынасын талдай білу. Қазыбек бидің нақыл сөздерін қолдана білу.
Оқыту нәтижелері: Оқушылар сабақта Қазыбек бидің төрелігін, әділдігін көріп, тәрбиелік мәнін ұғады. Топтасып жұмыс жасағанда бір - бірі әділ болады, мазмұнды сөйлеуге талпынады.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, плакат, стикерлер, маркер, АКТ.
Дерек көздер: «Қазақ әдебиеті» оқулық, интернет желісі, «Қазақ әдебиеті» хрестоматия.
2 мин
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар сөздер қиындысын құрастыру арқылы топқа бөлінеді. Әр оқушы тақырыптарына сай топтасады. Тақырыптарының мағынасын топтасып ашады.
15 мин
Кері байланыс
Үй тапсырмасын сұрау:
Әр топқа Төле би туралы аңыз – әңгімелерден үзінді беріледі. Әр топ ролдік ойын арқылы көрсетеді.
15мин
Жаңа сабақ:
Оқушыларға Қазыбек би туралы мәлімет топтауды тапсырдым.
«әділдік» тобына ұялы сымтектегі интернет желісінен,
«шешендік» тобына ноутбуктан,«алғырлық» тобына кітапхана қорынан, «тапқырлық»тобы оқулықтан жазуды тапсырдым. Әр топ алған мәліметтер бойынша ойларын айтады, қорытады.
8 мин
«Ой қозғау»
Қазыбек би туралы алған мәліметтер бойынша Венн диаграммасын өткен сабақ Төле би мен салыстыру, ұқсастығын табу
4 мин
Оқушылар сабақ барысында белгіленген критерийлер бойынша өзін - өзі бағалайтынын айтамын.
Сабақты «Бес жұлдыз, бір үміт» тәсілімен қорытынды жасаймын.
1 мин
Үйге тапсырма: Қазыбек би туралы аңыз әңгімелерін оқып келу.
Қазыбек би Келдібекұлы жүктеу
Қысқа мерзімді жоспар Қазыбек би Келдібекұлы
Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би Келдібекұлы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз528 қаралым
#қазыбек би келдібекұлы#қысқа мерзімді жоспар#жаңартылған бағдарлама бойынша құрылған жоспар#қмж қазақ әдебиеті
Ұсынылады
Азға қанағат ет
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі пәні бойынша 3 сыныпқа арналған сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Бұл сабақтың негізі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жоспарланған. Сабақ б...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Күмбір күйдің шебері (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
Сабақтың тақырыбы: «Күмбір күйдің шебері» (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тарих пәнінде әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі.
Өткізілетін орны: Мультимедия кабинеті
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

