- 16 қаз. 2019 00:00
- 5258
Қыз балаға арналған тілектер мен құттықтаулар
Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман–есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деп атқа лайық болсын.
«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.
*** *** *** ***
«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген. Қызымыздың білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата-әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін.
Ерке қызым алтыным –
Көркі қазақ халқының!
Сен туғанда - қуанып,
Сен жүргенде балқыдым!
Білім болды қанатың,
Өсті ойың-санатың,
Құтты болсын жеңісің,
Жалындай бол жанатын.
Күн нұрындай жарық бол,
Бабалардай алып бол!
Ақ бұлақтай мөлдіре,
Жаңалыққа салып жол!
*** *** *** ***
Сүйікті қызымыз — ........ жасқа толуымен құттықтаймыз! Сабағы кілең бестік болсын, келешегі зор, жолы ашық болсын деп тілейміз! Тілек білдіруші: Әке-шешесі