Алматы облысы Қонаев қаласында кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 22 жастағы жүргізуші басқарған Hyundai көлігі баланы қағып кеткен, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қайғылы оқиға туралы «egovpress» Instagram-парақшасындағы жарияланымнан белгілі болды. Қонаев қаласының тұрғындары айтқандай, №10 шағын ауданында көлік баланы қағып өлтірген. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, көшеде тіпті тротуар жоқ.
Апат алдыңғы күні — 20 қыркүйекте болғаны атап өтілді.
«Алдын ала деректер бойынша, 20 қыркүйекте сағат 18:40 шамасында Қонаев қаласының бір көшесінде 22 жастағы Hyundai көлігінің жүргізушісі жүргінші жолында тұрған кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Алған жарақаттарынан бала оқиға орнында қаза тапты», — деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Бұған дейін Екібастұзда да алдыңғы күні жол-көлік оқиғасы салдарынан бала қаза тапқаны хабарланған болатын.


