Қазақстан Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде тараған, ведомство басшысы, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Косановтың қатысуымен түсірілген бейнежазбаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қорғаныс ведомствосының түсіндіруінше, әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Косановтың қатысуымен түсірілген ескі бейнежазба таралып жатыр. Оған Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғамен байланыстыратын пікірлер қосылып отыр.
«Бұл бейнежазба былтыр түсірілген және қазіргі трагедияға, Каспийде оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің қазасына ешқандай қатысы жоқ. Әлеуметтік желі қолданушыларын мұрағаттық бейнематериалдарды манипуляциялауға, оларды контекстен жұлып алуға және болған трагедиямен байланыстыруға шақырмаймыз. Ел қаза тапқан әскери қызметшілерді аза тұтып жатқан күні ақпарат тарату кезінде жауапкершілік танытуды және қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына құрмет көрсетуді сұраймыз», — деді ведомствода.
Еске салайық, 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауы мен екпінді желдің салдарынан Каспий теңізіне 17 әскери қызметші ағызылып кетті, олардың 14-і қаза тапты. Үшеуі құтқарылды.


