Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қорқайық па?

Қаржау әйелінен қорқады екен деген сөз елге бұрыннан-ақ белгілі екен. Мұны оның өзі де естіп-біліп жүреді. Бұған намыстанған ол, енді қайткенде де мұны жоққа шығаруға тырысып бағады. Бір күні үйіне сыйлы адамдар келіп түстеніп отырғанда, сәті түскен кез осы болар деп ойлаған Қаржау әйеліне жоталанып:

— Әй, қатын, сорпаңның тұзы татымапты, не қара басқан сені! — деп даусын көтере сөйлепті.

Сонда шайпау әйелі:

— Не деп көкіп отырсың, ей, — деп қолындағы шөмішті оңтайлай бергенде, Қаржау орынынан ата жөнеліп, есік жаққа қалай барып қалғанын аңғармай да қалыпты. Есіктің жабдығынан сығалап тұрып:

— Е, сорпаңның тұзы татымағанын айтпағанда, қорқайық па? — деген екен сабазың.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама