Батыс Қазақстан обылысы,
Казталов ауданы,
Ғ. Молдашев атындағы ОЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі
Мустанова Айжан Темирболатовна
Мақсаты: Үйренгендерін ортаға салу арқылы өз білімдерін, әліппеге деген ризашылықтарын көрсету. Оқушылардың жан - жақтылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Өнерге құштарлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әріптер кестесі, музыкалық орталық, шар, гүл, суреттер.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Музыка әуенімен оқушыларды ортаға шақыру.
Тақырыбы: Қош, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Үйренгендерін ортаға салу арқылы өз білімдерін, әліппеге деген ризашылықтарын көрсету. Оқушылардың жан - жақтылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Өнерге құштарлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әріптер кестесі, музыкалық орталық, шар, гүл, суреттер.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Музыка әуенімен оқушыларды ортаға шақыру.
Мөлдір
Армысыздар жас достар!
Армысыздар ата - ана,
Болашаққа жол бастар,
Ұрпағың келді ортаға.
Фархат
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
Әділжан
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Айдос
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
Ән: «Әліппе»
Альбина
Жырын жаттап жатамыз,
Жалықпастан қыс - жазы.
Ұлы Ыбырай атамыз,
Ұстаздардың ұстазы.
Ұран тастар көп елге,
«Кел, балалар, оқылық!»
Ықыласпен тоқылық.
Ерсұлтан
Біз екі тоқсан бойы әліппені игердік. Оқуды, жазуды үйрендік. Осының бәрін үйреткен...
Мектеп. Мұғалім. Әліппе! (хормен айтылады).
Айша
А – ны айтқанда дауысым дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
42 әріптің бәрін танып,
Сөз оқимын айырып буынды енді.
«Өзбек биі»
Эльвира
Әліппе бізді тек әріптермен ғана таныстырып қойған жоқ, өнегелі, мектеп ережесін сақтайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті.
Архат
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық, тойладық.
Назар
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны,
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды,
Адам барлық әріпті,
Ардақты қолдайды.
Аружан
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Әліппеміз қоштаспақ.
Елжан
Ой білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік,
Әріптерді таныған,
Өңкей білгіш балдырған,
Құтты болсын тойларың.
Ерхан
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің әліппе.
Айдана
Мынау менің әліппем,
Көгілдір туым түсіндей.
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатты маған кісімдей.
Ерболат
Бірінші беттен елімнің,
Елтаңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтың,
Ұрпағымын, сәнімін.
Бек
Білімге жолды бастаған,
Әліппем саған мың алғыс.
Оқы деп ұран тастаған,
Әліппем саған мың алғыс.
Ән «Балапан»
Адильжан
Біз енді әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен қоштасамыз.
Әліппе:
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Танысыңдар досыммен,
Достасыңдар осымен.
Аттанғанда бүгін мен,
Ана тілін таныңдар,
Оқып ана тілінен,
Ақыл білім алыңдар.
(Ана тілі келеді)
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің жаңа оқулықтарың боламын. Мені жақсы оқыңдар, күтіп ұстаңдар.
Қаның, жаның – тіліңде,
Арың, нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге,
Тілден алып ғибрат
Құлшынасың білімге.
Ана тілі:
Сәлем ойшыл достарым!
Терең білім, ой - саналы,
Әрбір сезім ой салады.
Ғылым, тәлім, өнерім көп,
Достасқанға берерім көп!
Әліппе:
Айналайын балдырғандар,
Менен білім алдыңдар.
Озат достар оқыды,
Ойға білім тоқыды.
Әр сөзімді жаттаған,
Достар үшін мақтанам.
Рахмет айтып шаттанам,
Риза болып аттанам,
Аман - есен болыңдар!
Біздің әліппені игеріп, жақсы оқуымызға ата - анамыздың да қосқан үлесі мол. Сондықтан да балалар, ата - анамызға рахмет айтайық.
Ән «Ата - ананы тыңдаймыз».
Әліппе
42 әріпті игердің,
Әріптен, буындап сөз тердің.
Ризамын балалар сендерге,
Рахмет айтар кез келді.
Айнамкөз
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам қатарына кіргенім.
Айкүн
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Ән «Рахмет саған, Әліппе!»
Ата - аналар және ұстаздардың тілектері.
Қош, сүйікті Әліппем!
Батыс Қазақстан обылысы,
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз630 қаралым
#әліппе#бастауыш сынып#әліппемен қоштасу
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

