Қостанайда құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұрын сотталған екі ер адамды ұстады. Олар жәбірленушіге дене жарақатын салумен қорқытып, ірі көлемде ақша талап еткен. Арнайы операцияның өткізілуі мен нәтижелері туралы Қостанай облысы полиция департаментінде айтып берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Тергеу деректеріне сәйкес, қыркүйек айынан бастап күдіктілер жәбірленушіден күш қолданумен және дене жарақатын салумен қорқытып, 17 миллион теңге талап еткен. Ведомствода нақтылағандай, ұсталғандар 4,4 миллион теңге бопсалаған.

«28 қазанда күдіктілерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Қостанай облыстық полиция басқармасының Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментімен және «Орел» арнайы бөлімшесімен бірлесіп ұстады», — деп хабарлады ведомствода.

Тінту барысында ұсталғандардан 4,4 миллион теңге, Kia Sportage автокөлігі және ұялы телефондар тәркіленді.

Ер адамдардың әрекеттері адамдар тобының қасақана бопсалауы ретінде сараланды. Күдіктілер тергеу изоляторына жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.