Қостанай облысында полицейлердің ұсталған ер адамдарға қатыгездік көрсеткені туралы сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Тергеуге интернетте тараған бейнежазба себеп болды. Кадрларда екі жас жігіт пен полиция киіміндегі адамдардың дене күшін қолданғаны көрінеді. Ұсталғандардың бірі болып жатқан жағдайды тоқтатуға тырысады.
«Тыныш, тура отырмын. Ағамды ұстамаңдар! Руся, бізді жібереді», — дейді ол, ал екінші жігіт оқиға орнынан кетуге тырысады.
Дауысына қарағанда, жағдайға әйел араласады. Сол ер адам оған түсіндіреді: «Ол тұншығып барады, дем ала алмайды. Олар оны ұрып жатыр, дем алуы қиын болып тұр».
NUR.KZ тілшісіне Қостанай облысы прокуратурасында хабарлағандай, 2026 жылғы 11 қыркүйекте қадағалау органы осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен («Қатыгездік көрсету») қылмыстық іс тіркеді.
Қазіргі таңда іс бойынша арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді», — деп қосты ведомствода.


