Қостанай облысында жасөспірім теміржолда ток соққысынан зардап шекті. Оқиға облыс орталығында болған, деп хабарлайды infohub.kz.
«Қазінформ» МАА мәліметінше, 2013 жылы туған оқушы Қостанайдағы теміржолда ауыр электр жарақатын алған. Ол Рудныйдан достарымен бірге облыс орталығына келген. Қазір жасөспірім реанимацияда жатыр.
Көлік полициясы департаментінде NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, 4 қыркүйекте Қостанай станциясындағы көлік полиция бөлімі теміржол көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», — деп атап өтті ведомствода.
Биылғы тамызда Қостанайда дәрігерлер 27 мың вольттан астам ток соққысынан зардап шеккен 15 жасар баланың өмірін сақтап қалғаны хабарланған. Ол суретке түскісі келген кезде зардап шеккен еді.


