Ана тілі 1 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қоян. 20 - жаттығу
Жалпы мақсаты: Мәтінді оқи отырып, мазмұнын түсіну. Дауысты дыбыстар туралы білімдерін кеңейту. Бірлесіп жұмыс жасау арқылы бір - бірін бағалауға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Мәтінді түсіне оқи отырып, қоян жайлы айтып бере алатын болады. Дауысты дыбыстарды ажырата алады. Бірлесіп жұмыс жасау арқылы бірін - бірі бағалауға үйренеді.
Әдіс - тәсілдер: Галереяға саяхат, топтық, жұптық жұмыстар, сиқырлы таяқша
Көрнекіліктер: Суреттер
Қажетті құрал - жабдықтар: плакат, маркер, түрлі - түсті стикерлер
Бағалау түрі: Смайликтер, екі жұлдыз, бір ұсыныс, қол сигналдары, бағдаршам
Тапсырмалар "Галереяға саяхат" жасау
Ұяшық таңдау
Суретпен жұмыс
Жұмбақ шешу
Топтық жұмыс "Қояндар" таңдау
Ойын: Қоян себетіне дауысты дыбыстарды жинау /видио слайд/
Дәптермен жұмыс
"Сиқырлы таяқша" арқылы сұраққа жауап беру
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары (мұғалім және оқушы немен айналысады.)
І. Психологиялық дайындық Шаттық шеңбері:
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да,
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да,
Шуақты көктем нұр төгіп
Көңілді кетті көтеріп
Сәліметсіз бе, күн!
Сәлеметсіз бе, жер!
Сәлеметсіз бе, сіз!
Сәлеметпіз біз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызып алу.
Түстерді таңдау арқылы топтарға бөлу
ІI. Үй тапсырмасын сұрау
1. "Саққұлақ" өлеңін жатқа айту
2. "Шопан еңбегі" тақырыбында сурет салу
"Галереяға саяхат" жасау
ІIІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
Ұяшық таңдау
I топ: Алфавитте неше әріп бар?
II топ: Әріп дегеніміз не?
III топ: Дыбыс дегеніміз не?
IV топ: Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Топта жұмыс жасап, әр топтан бір - бір оқушыдан шығып, жауап береді.
Смайликтер арқылы бірін - бірі бағалау
III. Жаңа сабақ
1. Суретпен жұмыс
Суретке қарап әңгіме құрастыру
Сөйлемнен дауысты дыбыстарды табу
2. Жұмбақ шешу
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. ( Қоян)
3. "Қоян" мәтінін іштей оқып шығу
4. Топтық жұмыс "Қояндар" таңдау
Қызыл қоян: Мәтінді дауыстап, тізбектеп оқып шығу
Ақ қоян: Мәтіннің мазмұнын айту
Сұр қоян: Мәтін мазмұнына сай сурет салу
Қара қоян: Басқа аңдар туралы не білесіңдер?
Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау
Сергіту сәті: Ойын: Қоян себетіне дауысты дыбыстарды жинау /видио слайд/
5. Дәптермен жұмыс
Дауысты дыбыс әріптерін жатқа жазып шығу.
6. Сөздік диктант
Алма, күйші, бұта, қанат, шыбық, құлын, ынтымақ, жұлдыз.
Дауысты дыбыстардың астын сыз.
7. Видео көрініс / басқа аңдар туралы мағлұмат беріп өту /
V. Қорытындылау: "Сиқырлы таяқша" арқылы сұраққа жауап беру
1. Бүгінгі сабақтан не түсіндің?
2. Не түсініксіз болды?
VІ. Бағдаршам көрсету арқылы бүгінгі сабақты бағалау
Қызылорда қаласы,
№ 264 мектеп - лицей
Бастауыш сынып мұғалімі
Абдиканиева Айғаным
Қоян. 20 - жаттығу. жүктеу
Қоян. 20 - жаттығу
Сабақтың тақырыбы: Қоян. 20 - жаттығу
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз629 қаралым
#дауысты дыбыстар#көжек#ана тілі 1 сынып#қоян туралы
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

