Кез келген кәмелетке толған қазақстандық қатыса алатын Quatty Bol республикалық челленджі 14 қарашада басталып, 4 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Белсенді азаматтар үшін бұл жоба — жалпыұлттық сайысқа қатысу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар өздерінің дене және ой-өріс дағдыларын сынап көру мүмкіндігі. Қазіргі таңда спортпен тұрақты шұғылданатын қазақстандықтардың қатары артып келеді, ал Quatty Bol челленджі олар үшін мықтылыққа тамаша сынақ бола алады.
Жобаның ерекшелігі — сайыс сырттай, яғни онлайн режимде өтеді. Қатысу үшін AI SPORT мобильді қосымшасын жүктеп алып, спорттық тапсырмаларды орындауға кірісу жеткілікті. Орындалуын смартфон камерасымен түсіріп отыру қажет. Республикалық челленджге қатысу тегін.
Quatty Bol жобасының әр қатысушысына үш пән қолжетімді. Біріншісі — Qadam men Quat: мұнда күн сайын 3 км жүгіру (немесе жүру), сондай-ақ 50 рет отырып-тұру қажет. Екінші пән — 100 Shaqyrym — 21 күн ішінде 100 км жүріп өтуді көздейді (нәтиже GPS арқылы тіркеледі). Үшінші пән — Quatty Bol Push — күн сайын 50 рет кеудесін көтеріп отырып-тұру және 100 рет секіру талап етіледі. Челленджден өту үшін аталған нормативтерді кемінде 16 күн орындау керек (яғни ең көбі 5 күн өткізіп жіберуге рұқсат етіледі).
Quatty Bol жобасы әр қатысушыға жаттығуларды өзіне ыңғайлы жерде орындауға мүмкіндік береді. Бұл спорт залы, көшедегі воркаут алаңы, ауладағы алаң немесе кез келген басқа кеңістік болуы мүмкін. Ең бастысы — жоғары мотивация мен қойылған мақсатқа ұмтылыс. Челлендж ұйымдастырушылары белгілеген негізгі міндеттер — халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спорттың қолжетімділігін арттыру. Quatty Bol сайысы спорттық жарыстар сирек өткізілетін немесе мүлде өткізілмейтін шалғай аудандардың тұрғындары үшін ерекше қызықты болды. Жалпы, жобаға еліміздің түрлі өңірлерінен шамамен 15 мың адам қосылды.
Челлендж қатысушылары үшін қосымша ынталандыру — жоба ұйымдастырушылары уәде еткен жүлделер. Осылайша, сынақтан өткендер арасында 1 млн теңге ойнатылады (10 адам 100 мың теңгеден алады). Сондай-ақ Quatty Bol серіктестері ұсынған құнды жүлделер — жаңа үлгідегі iPhone, смарт-сағат және басқа да сыйлықтар ойнатылады.
Жоба заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен спорттық бастамаларды жүзеге асыру қаншалықты табысты болуы мүмкін екенін көрсетеді. 21 күндік марафонды көзбе-көз форматта өткізу үлкен қаржылық шығынды талап етер еді, оның үстіне тек ұйымдастырушылар тарапынан ғана емес, қатысушылар тарапынан да. Бір ғана мобильді қосымшаның арқасында мыңдаған қазақстандық ауқымды челлендждің бір бөлігі болып қана қоймай, спортпен шұғылдануды жүйелі деңгейге шығара алды.


