Бала-ортақ,
Жатсын, құда құрметтеп,
Құдалық-сын,
Ол да өзінше бір мектеп.
Қарсы аламын төбеге тік көтеріп,
Құда-жекжат жатса егерде іздеп кеп.
Екі бала бәрімізді сыйлы етсін,
Күйеу демен,
өз ұлым деп жүрмекпін.
Қызыңдай көр,
Құдаға айтар қолма қол,
Ал, құдағи білмей жатса үйреткін.
Құлаққағыс,
Айттым-құда назын жай,
Күй кернесін Құрманғазы сазындай.
Екі бала ортақ бізге, сондықтан,
Мың жылдыққа
Жүрсін құшақ жазылмай!
Құда назы
Бала-ортақ, Жатсын, құда құрметтеп, Құдалық-сын, Ол да өзінше бір мектеп. Қарсы аламын төбеге тік көтеріп, Құда-жекжат жатса егерде іздеп кеп. Екі бала бәрімізді сыйлы етсін, Күйеу д...
← АртқаДереккөз: bilim-all.kz

