Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы
№ 2 Аманқарағай орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Туребекова Л. М.
Математика 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Құрылымы күрделі теңдеулер.
Сабақтың мақсаты: Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу алгоритмін, теңдеуді құру және оны шығару тәсілін меңгеру; есепті түрлендіруге және салыстыруға машықтандыру;
Міндеті: өз бетінше тапсырмаларды орындауға ж/е пәнге деген қызығушылығын ояту
Оқу нәтижесі: Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік екенін, белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі екенін яғни теңдеудің шешуі болатынын меңгереді.
Көрнекілік: Кесте, оқулық, слайд
Әдіс - тәсілдер: Өздік, жұптық, практикалық жұмыс, «аквариум», «кім шапшаң» ойын
Ұйымдастыру
«Жақсы көңіл - күй»
Үй тапсырмасы
«Аквариум» әдісін қолдану
Сұрақ - жауап арқылы өткенді қайталау
Қызығушылығын ояту «Кім шапшаң?» ойыны
Е 48+9
Ң 164 - 8
Д 100 - 25
Т 160+30
У 70+60
Жаңа сабақ - Теңдеу деген не?
- Салыстыру:
26 - х=13
Х ∙2= 8 ∙10
- Теңдеуде белгісіз сан латын әріптерімен белгіленеді.
- Теңдеу шешу дегеніміз - теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу.
- Жай теңдеу тек бір арифметикалық амалмен шығарылады.
Теңдеу жай, күрделі болады.
Х ∙2= 8 ∙10
1 - ші сол жағын көшіріп жазамыз
2 - ші оң жағын жеңілдетіп аламыз (амалды орындаймыз)
3 - ші х - тің түбірін табамыз
4 - ші тексереміз
- Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз.
№1 жұптық жұмыс
Бір - бірінің жұмысын тексеріп, талдап шығарады.
Сергіту сәті
Математикалық өлең есеп шешу
1. Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді?
2. Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?
3. 100 асықтың 30 - ын,
Досым сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады.
Толық нұсқасын жүктеу
Құрылымы күрделі теңдеулер
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз731 қаралым
#құрылымы күрделі теңдеулер#шешу алгоритмі#теңдеуді құру#шығару тәсілі
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

