Сабақтың тақырыбы: «Құрманғазы»
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Мақсаты: Оқушыларды Құрманғазының өмірімен оның шығармаларымен таныстыру, мәтіннен қиын сөздерді таба алуға үйрету. Мәнерлеп оқу дағдысын арттыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларды күй тыңдау арқылы патриоттық сезімін ояту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа материалды меңгерту
Әдісі: түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу
Көрнекілік: ұлттық аспаптар суреттері, суреттер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Ұлттық аспаптар» атты ойын. Суреттер артында жасырылған сұрақтарға жауап беру керек.
1. « Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды?
2. Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың?
3. Жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазды?
4. Тұрар бейнесін көз алдыңа елестетіп, сипаттап бере аласыңба? 5. Тұрар Рысқұловты Меркі жерімен не байланыстырады? т. 6. «Бала Тұрар» әңгімесін еске түсірейік, онда не туралы айтылған еді?
Жаңа сабақ
1. Сызба және суреттер арқылы түсіндіру
ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ
(1823 - 1896 )
Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы.
Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алып, есейген шағында домбырашылық, күйшілік шеберлігін танытты. ХІХ ғасырдың аса көрнекті композиторы, күй атасы. Құрманғазы Сағырбайұлы – теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол – заманындағы қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық – зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмегеде қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер, сазгердің рухы ешқашан түспеген. Қуғын – сүргін мен сергелденге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой - толғамын бейнелеген. « Алатау» және « Сарыарқа» күйлерін дүниеге әкелген. Құрманғазының күйлері қазақ шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады. Ол өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес қосты.
2. Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларды тізбектетіп оқыту.
3. Сөздікпен жұмыс
Әділетсіздік -
Озбырлық
4. Тақтамен жұмыс.
Дәптерге әдемілеп жазу.
«Кім тапқыр?» ойыны
Мақсаты: Музыкалық аспаптар аттарын ажырата білу.
5. Сергіту сәті.
«Көңілді күй» әуеніне
6. Күй тыңдау. «Балбырауын» және«Сарыарқа» күйінің шығу тарихымен таныстырып, тыңдату.
Венн диаграммасы бойынша күйлерді салыстыру.
Сабақты қорытындылау.
Сұрақ - жауап арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
1. Құрманғазы Сағырбайұлы кім?
2. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің?
3. Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?
4. Құрманғазының ұстазы кім болған?
2. Құрманғазы домбырасын кімге сыйға тартты?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтін мазмұны және Құрманғазы туралы мәліметтер жинақтау.
Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
Меркі ауылы №17 И. И. Трубицын атындағы гимназия орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Диханбаева Айгүл
Құрманғазы
Сабақтың тақырыбы: «Құрманғазы»
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз607 қаралым
#құрманғазы#әдебиеттік оқу#сабақ бастауыш сыныптарына
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

