Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құстардың ұя салуы (ертегі)
Сабақтың мақсаты:
а\ Білімділігі: Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы білімдерін одан әрі жетілдіру.
ә\ Дамытушылығы: Өз ойларын толықтай жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту.
б\ Тәрбиелілігі: Еліміздің байлығын, табиғатын бағалай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Түрі: аралас.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұмбақтар шешу
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
(үкі)
Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарлығаш)
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)
Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)
Жапалақ, үкі, тоқылдақ, қарлығаш, қараторғай, көкек жалпы атаулары? (құстар)
Олай болса, бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Құстардың ұя салуы»
Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т. б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды.
Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл - күйін көтереді. Сонымен қатар көктемде күн жылынып, жер беті жасыл көрпе жамылып, көзге ыстық, көңілге жақын жауқазын гүлден алқа тағады. Сол кезде көкек келеді. Халық «Көкек келді, көктем келді» дейді. Сәуір айы көкек айы деп аталуы осында.
«Құстар» сөзіне топтастыру құру.
А. Е. Кулекеева
Құстардың ұя салуы (ертегі) жүктеу
Құстардың ұя салуы (ертегі)
Әдебиеттік оқу 3 сынып
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз707 қаралым
#ертегі#табиғат#әдебиеттік оқу 3 сынып#құстардың тіршілігі#құстардың ұя салуы#құстарға қамқорлық
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

