Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев сырттай 11,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот шешімі бойынша, оның мүлкі тәркіленіп, барлық мемлекеттік наградаларынан айырылмақ.
Атамбаев бірнеше ауыр айып бойынша кінәлі деп танылды:
🔹 Қой-Таш ауылынан заңсыз жер телімдерін беру,
🔹 Бішкек ЖЭО-ын жаңғырту кезіндегі жемқорлық,
🔹 2019 жылғы Қой-Таш оқиғасы кезіндегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру.
Еске сала кетсек, Алмазбек Атамбаев Қырғыз Республикасын 2011–2017 жылдары басқарған. Саясаткерге қатысты сот шешімі ел ішінде түрлі пікір тудырды.
🎙 Садыр Жапаров рақымшылыққа ишара жасады
Қазіргі президент Садыр Жапаров Атамбаевқа қатысты пікір білдіріп, рақымшылық жасау мүмкіндігін жоққа шығармады:
«Сот шешімін ешкім өзгерте алмайды. Бірақ менде рақымшылық жасау құқығы бар. Қой-Таш оқиғасынан бері алты жыл өтті. Мүмкін, айыппұл не пробациямен шектелген дұрыс болар ма еді», – деді Жапаров.
Бұл мәлімдеме қоғам назарын аударды. Сарапшылар экс-президентке рақымшылық жариялануы мүмкін екенін жоққа шығармай отыр.


