Қытайдың Чунцин қаласында ерекше жол-көлік оқиғасы болды: ақ кроссовер маневр жасап, жолдан шығып кетіп, тоннель маңындағы ағаштар мен электр жабдықтарының арасында ілініп қалды. Апат орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тез тарады, ал пайдаланушылар көлікке «әуедегі тұрақ» жасады деп әзілдеп жатыр, деп хабарлайды infohub.kz.
Оқиға 5 таңертең Юйчжун ауданындағы Элин тоннелінің жанында болды. Қытай БАҚ-тың мәліметінше, көлік ортаңғы жолақпен келе жатып, үздіксіз сызықты кесіп өтіп, күрт солға бұрылған.
Маневр салдарынан кроссовер тоннель маңындағы жартасқа соғылып, ағаштар мен төменде орналасқан электр қондырғысының арасында қысылып қалған. Көліктің капоты жоғары көтеріліп, алдыңғы әйнек пен шатырға қызғылт жапырақтар төгілген, бұл апат орнына көркем көрініс берген.
Жарияланған жазбада кроссовердің тоннель алдында бір секундқа «ұшып» кеткені көрінеді. Соққыдан кейін жүргізуші есікті ашқан, бірақ өздігінен шығуға батылы жетпеген — биіктік тым үлкен еді.
Оқиға орнына жол полициясы мен өрт сөндірушілер келіп, баспалдақтың көмегімен көліктен екі адамды алып шығып, тексеру үшін медиктерге тапсырды. Апаттың себептері әзірге анықталмаған.


