Қытайлық гуманоидті «Найзағай» роботы 100 метрді 9,32 секундта жүгіріп өтіп, әлемді таңғалдырды. Бұл — Усейн Болттың аты аңызға айналған рекордынан да жылдам. Тарихи оқиға Бейжіңде өткен Роботтардың әлемдік ойындарында болды, деп хабарлайды infohub.kz.

The Guardianның жазуынша, Honor компаниясы жасаған робот ең жоғары жылдамдықта секундына 14,5 метрге дейін жеткен. Жарыс алдында инженерлер машинаның аяқ-қолдарын 10 сантиметрге ұзартып, нәтижені жақсартуға мүмкіндік алған.

Бір жыл бұрын үздік робот бұл қашықтықты небәрі 21,5 секундта бағындырған еді. Енді технология алға жылжыды. Жоғары жылдамдыққа байланысты тежеу қиынға соғады, сондықтан мәреге жеткен роботтар зақымданбау үшін жұмсақ төсеніштерге соғылады.

Турнирде орнынан биіктікке секіруден де рекорд жаңартылды. Жеңіл атлетикадан бөлек, машиналар футбол, бокс және үстел теннисінен де жарысады.

Биылғы ойындарға әлемнің 16 елінен екі мыңнан астам андроид, 666 команда және қатысушылар жиналды.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle Қытайда Photon Matrix құрылғысының жаппай өндірісі басталғанын хабарлаған еді. Бұл құрылғы лазер көмегімен үйді масалардан тазартуға уәде береді. Құрылғының алғашқы партиясын тамыз айының соңында сатып алушыларға жіберу жоспарлануда.