«Майсак» тайфунынан туындаған ірі су тасқыны салдарынан Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының екі қаласында 159 адам қаза тауып, тағы он адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды infohub.kz.
Шілденің алғашқы онкүндігінде Наньнин және Гуйган қалаларына соққан табиғи апат көптеген адам өліміне және қирауға әкелді. Апат салдарын жою жөніндегі кеңестерде айтылған мәліметтерге сәйкес, стихиядан 1,65 миллионнан астам адам зардап шекті.
Қазіргі уақытта екі қаланың билігі инфрақұрылымды қалпына келтіру мен жаңғыртуға, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алу, олардың салдарын азайту және зардап шеккендерге көмек көрсету әлеуетін нығайтуға күш салуда.
«Майсак» тайфунының әсерінен аймақта бұрын-соңды болмаған ауқымды және ұзаққа созылған қатты жаңбыр жауып, бірқатар ауыр табиғи апаттарға әкелгені атап өтілді.


