Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясындағы тұрғын үй кешенінде болған өрттен 14 адам қаза тапты. Бұл туралы Қытайдың Орталық теледидары хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.

Телеарнаның мәліметінше, өрт кеше, 8 қарашада жергілікті уақытпен 16:59-да Шаньси провинциясының әкімшілік орталығы Тайюань қаласының Инцзэ ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде тұтанған.

Қазіргі таңда 14 адамның қаза тапқаны және 30-дан астам адамның зардап шеккені белгілі болды.

Өрттің себебі әзірге анықталған жоқ, тергеу жүріп жатыр. Оқиға орнында төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары жалғасуда.

Әлеуметтік желілерде куәгерлер оқиға орнынан түсірілген кадрларды жариялады: бейнежазбада жалын ғимаратты шарпығаны, ал адамдар өрттен құтылуға тырысып, терезелердің жанында қалғаны көрінеді.