Ертеде қияр мен қырыққабат қол ұстасқан дос болыпты. Бір күні екі дос суға шомылуға өзенге келіпті. Келген бетте қияр шешініп, суға күмп беріпті де, жүзе бастапты. Қырыққабат бір-бірлеп, қабат-қабат «көйлегін» шешкенше күн де батып, қас қарайыпы. Осыған дейін су ішінде қалшылдап тұрған қиярдың терісі әбден күлдіреп кетіпті. Қиярдың қабағындағы бүршіктер, міне, содан пайда болыпты.