Қазақстандық «Бизнес по-казахски» франшизасының жұлдызы Рамазан Амантай гендер-пати өткізіп, екінші баласының жынысын жария етті. Актёрдің екінші қызы болатыны белгілі болды, деп хабарлайды infohub.kz.

«Үш қыздың әкесі жұмаққа кіреді дейді. Әйелімді қосқанда, менде үш қыз болып отыр. Құдай берсе, екі ұзату тойы болады. Сіздерге де осындай қуаныш бұйырсын. Қуаныштан тіпті дұрыс видеоға түсе алмадық. Бірақ сіздермен қуанышымызды бөліскім келді», — деді ол.

Актёрдің айтуынша, олардың әйелімен бірге гендер-пати өткізу тәжірибесі болмағандықтан, шара түнгі уақытта өтті. Алғашқы қызы дүниеге келгенде олар мұндай кеш ұйымдастырмаған.

Актёрдің жанкүйерлері мен әріптестері отбасын алдағы қуанышпен құттықтады. «Сендерді қатты жақсы көремін. Қыздар сау және ақылды болып өссін», «Қандай керемет жаңалық», «Құттықтаймыз!» — деп жазды олар.